БИЫЛ ТҮРКІСТАН МЕН КЕНТАУ 100 ПАЙЫЗ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

1  401 көрілім


Түркістан қаласын 11 кезеңмен газға қосу қарастырылған. Соның 7 кезеңі жүзеге асты. 4 кезең биылғы жылы аяқталып, жыл соңына дейін облыс орталығымен қоса Кентау қаласының тұрғындары көгілдір отынның шарапатын көретін болады. Дәл осылай облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Түркістан қаласын газдандыру бойынша ұйымдастырылған баспасөз туры кезінде өңірлік БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.
II мөлтек ауданындағы 64 пәтерді құрайтын 2 қабатты 4 үйдің тұрғындары жүйелі жұмыс нәтижесінде газбен қамтамасыз етілді. 5 жылдан бері құбырлары тартылғанымен газ берілмеген үй тұрғыны Валентина Николаевна бұл үшін сала мамандарына алғысын білдірді. Газ баллондарын қолданып келген ол енді табиғи газды игілігіне тұтынатындығына риза.
Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасы аясында 104 тұрғын үйге көгілдір отын жеткізілген. Жақын күндері қосымша тағы 150 үйге газ жеткізіледі. Негізінен Түркістан облысына қарасты елді мекендерді 2025 жылға дейін 92 пайыз табиғи отынмен қамту жоспарлануда.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы