РУХАНИ ҚАЗЫНА МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАДЫНДА

1  110 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай әлемі бірегей құбылыс екеніне тоқталып, ақын шығармаларының халқымыз үшін тағылымы жайында ой қозғады. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Халқ­мыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін ар­найы құрылған комиссия дайын­­дық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халық­аралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы­мыз үшін өткізілмек.

Абай секілді заңғар тұлғаның мұрасы бір уақыттың еншісінде қалмайды. Оған күн өткен сайын әрбір жан өз көзқарасын білдіретіні анық. Абай өз заманынан озық туған жан, оған дәлел жазған еңбектері сыршыл да шыншыл бейнемен бейнелеген. Ол жақсыға жанасумен, жаманнан жиренумен шектелмейді, оның ішкі әлемі өте тереңде. Сондықтан Абайды тануға келгенде ғажайып қайшылықтарға ұрынасың.

Абайға орыс тілі мәдениет есігін ашты. Бір сөзінде қазақ балаларына орыс тілін үйреніп ал, оны оқу арқылы ресейді, ресейді тану арқылы европаға жақындайсың, европаны білу арқылы әлемді танисың деген болатын. Ақын мақсаты халықты қараңғылықтан босатып, көзін ашып дамып жатқан мемлекеттермен өз ұлтын теңестіру еді. Ендеше, баянды болашаққа бастар жолды меңзейтін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бағдарлы мақаласын қолдап қана қоймай оны іс жүзіне асыруға көп болып атсалысуымыз қажет.

Жүсіпбек ҚАСЫМБЕКОВ,

Түркістан қаласының бас имамы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы