- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші облыстық кезеңінен жеңімпаз атанған оқушылар мен олардың ұстаздарын және ата-аналарын марапаттап, алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыс етті. 5-6 қаңтар аралығында Шымкент қаласында өткен білім бәсекесіне Түркістан қаласының адами капиталды дамыту бөліміне қарасты 19 мектептен 14 пән бойынша 42 оқушы қатысқан.
Нәтижесінде, 28 оқушы жүлделі орындарға ие болса, №2 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Султанмурод Алиев «Жас химик» номинациясымен марапатталды.
Жүлделі І орынды – 3 оқушы, ІІ орынды – 7 оқушы, ІІІ орынды – 18 оқушы иемденіп, олар информатика, физика, химия, биология, тарих, география сынды бірқатар пәндерден үздік екендерін байқатты.
Ал, химия пәнінен қатысқан №2 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Хамид Ергашев Нұр-Сұлтан қаласындағы Астана халықаралық университетінің грантын жеңіп алса, математика пәнінен қатысқан №22 жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сағи Қанжігіт Қазақ-Британ университетінде оқуға 30 пайыздық жеңілдікке ие болды.
Енді алдағы уақытта өтетін республикалық олимпиадаға I орынға ие болған оқушылар қатысып, бақтарын сынайтын болады. Айта кетейік, Түркістан шаһары зияткерлік жарыста облыс бойынша І орынды иеленіп, көш бастады.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН.