СЕНАТОР ІС САПАРМЕН КЕЛДІ

964 көрілім

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Түркістан қаласына іс сапармен келді. Қала әкімдігінің мәжіліс залында шаһар басшысы Рашид Аюпов, сондай-ақ, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, дербес бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесіп, ҚР Парламентінің қызметі мен Заңдағы өзгерістер жайлы жан-жақты ақпарат берді.

Ол өз сөзінде Түркістан облысының жетістіктерін айта келе, педагог мәртебесі, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту сынды көптеген мәселелерді назарға алды.

Қала әкімі Р.Аюпов Ә.Бектаевқа өз тарапынан бірнеше ұсыныстар айтып өтті:

– Атаулы әлеуметтік көмек беру жолын оңтайландыру;

– Балалардың талпынысына қарай болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін маман;

– Мектеп инспекторларының санын көбейту;

– Пәтер беру кезегін бір жүйеге келтіру;

– Нарық бағасының қымбаттауына байланысты мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру.

Халық қалаулысы талап-тілектер мен ұсыныстарды тыңдай келе, алда бұл мәселелер қаралады деген сенімін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы