ТҮРКІСТАНДА ТІС КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

1  061 көрілім

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде стамотология клиникасы ашылды. Шараның салтанатты ашылуында университет ректоры Болатбек Абдрасилов пен университеттің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор Муса Йулдыз құттықтауын жеткізіп, лента қию рәсімін жасады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында ашылған клиникада қазақстандық және түркиялық білікті дәрігерлер университет ұжымына және Түркістан облысының тұрғындарына қызмет көрсететін болады.
«Университеттің стамотология факультетінің ұстаздары дуальді оқыту бойынша студенттердің теориялық білімін тәжірибе жүзінде танысуға мүмкіндік алады. Дәрігер-ұстаздар науқасты емдеу барысында студенттердің теориялық білімдерін жетілдіріп, клиникаға дейінгі дайындығын муляж бен манекендерде тәжірибелік дағдыларды жасау арқылы үйренулеріне жағдай жасалмақ. Ол үшін құрылған 18 заманауи фантомдар және протез-техникалық зертханаларында жұмыстар жүргізеді. Бұл студенттердің клиникаға дейінгі білімдерін шыңдайды»,-деді Болатбек Серікбайұлы.
Клиникада білікті дәрігерлер мен профессорлар, Түркиядан келген ғалымдар қызмет атқарады. Мұнда стамотологиялық кабиенттерден бөлек, клиникалық кабинеттер де хирургиялық, терапиялық, ортопедиялық және балалар стоматологиясы, «Сирона» маркалық заманауи панорамдық рентген аппараты бойынша қызметтер көрсетіледі. Науқасқа қолданылған құрал-жабдықтар пакеттеліп, арнайы стерилизациялайтын құрылғылармен залалсыздандырылады.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы