- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Осы аптаның сәрсенбісі қала үшін маңызды ақпаратпен тоғысты. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһардың жаңа басшысын халыққа таныстырып, алда атқарар істеріне табыс тіледі. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Естайұлының өкімімен тағайындалған Аюпов Рашид Абатұлынан біздер, қала тұрғындарының да күтері мол.
Облыс орталығы бүгінде қайнаған құрылыс алаңына айналған. Кімге болсын жаңа өңірді түлету оңайға соқпасы анық. Дегенмен, ынталы адам – бар күш-жігерін салса алынбайтын қамал жоқ.
Жаңа әкім алғашқы күннен-ақ ісіне кірісіп те кетті. Алдымен, автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілер үшін жайлы жүйе қалыптастыруды ойластырып та қойыпты.
Жас, іскер, білімді азамат ретінде Р.Аюповты осы уақытқа дейін атқарған істерінен көріп бағамдай аламыз. Әсіресе, әлеуметтік желілердегі белсенділігі жұртты қуантуда. Билік пен халықты жақындастырар бірден-бір алтын көпір ретінде ғаламтордағы парақша – көкейтесті мәселенің күрмеуін ағытуына жол салмақ.
Байқасақ, шырайлы Шымкенттен келген азаматты ондағы тұрғындар қимастықпен сәттілік тілеуде. «Халық айтса, қалт айтпайды» демекші, алдымен халық қошеметіне бөленген жаннан тек жаңашылдықты, жаңа идеялар мен қаламызды өркендетуде сүбелі жұмыстар күтеміз!
Дүйсенкүл ЖАМБОЛОВА,
Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы
жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы.