ЕЛ СЕНІМІН АҚТАЙДЫ ДЕП СЕНЕМІЗ

1  165 көрілім

Осы апта қасиетті шаһар үшін тарихи жаңалық болды. Олай деуіміздің басты себебі, яғни сәрсенбінің сәтті күні ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен облыстың орталығы Түркістан қаласына әкім болып Рашид Абатұлы Аюпов тағайындалды.

“Жас келсе іске” дегендей, көршілес Кентау қаласының тумасы Рашид Абатұлы 2000 жылы алғашқы еңбек жолын бастап, елімізде көптеген мемлекеттік жауапты орындарда қызмет еткен.

Былтыр қаламызға облыс әкімдігі орталығының кө­шірілуі жаңа жұмыс орындарын шоғырландырып, еңбекке жа­рам­ды халықтың басым көп­ші­лігін жұмыс орындарымен қам­­туға септігін тигізіп келеді. Жаңа әлеу­­меттік, тұрғын үй және бас­қа да жобалар қарқынды түрде жү­зе­ге асырылып келеді. Жалпы Түркіс­тан қаласының аймақ ор­та­л­ы­ғы ретінде анықталуы – ел та­рихының жаңа парағы ашыл­ған­дығының белгісі болды.

Еліміздің қарышты қадам, өркенді өзгерістер көрінісін киелі қаламыздың бүгінгі тіршілік-тынысынан айқын аңғарып, оның бүгінгі өскелең келбетінен жете сезінуге болады. Көне шаһарды жөндеу, жаңғырту, солай өркениет өрісіне шығару әрекеттері қазір де кеңінен жалғасып жатыр. Бүгін де Түркістанда құлшынған халық, қарқынды құрылыс, жемісті еңбек өз жемісін беруде.

Осы орайда, бұған дейін Мемлекет басшысының тікелей бақылауы бойынша қаламыздағы қарқынды жұмыстардың өз деңгейінде жүруіне ұйытқы болған Әліпбек Шәріпбекұлына түркістандықтар атынан зор алғысымызды білдіре отырып, жаңадан тағайындалған қала әкімі Рашид Абатұлына түрленіп жатқан қасиетті шаһарды одан әрі жалғастыратынына сеніміміз мол.

Жарқынбек ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВ,

Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы