БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ – НҰР-СҰЛТАН

1  184 көрілім

Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен еліміздің елордасы 1998 жылы Алматы қаласынан Ақмолаға көшірілген болатын. Міне, сол санаулы жылдың ішінде қарыштап дамып, тықыр дала айтса сенгісіз кейіпке еніп, сұлу қалаға айналған. Онда бой көтерген сәулет жұмыстары талай жанды таңдай қақтырғаны жасырын емес. Жаңа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел астанасының атауын «Нұр-Сұлтан» қаласы деп атауды ұсынған еді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ел астанасында ескерткіш орнатып, барлық облыс орталықтарындағы басты көшелерге Назарбаевтың атын беру жайлы да айтқан болатын. Еткен еңбек пен төккен тер ескерілді деген осы болар сірә. Себебі, көпшілік тарапынан бұл ұсыныс қолдауға ие болып, Республиканың орталық қаласына Нұр-Сұлтан аты берілді. Биылғы жылы Тәуелсіздігіміздің тірегі мен экономиканың жүрегіне айналған жас қала меншікті мерекесін жаңа атпен қарсы алғалы отыр. Алматыны көпшілік өнердің ордасына балап жатса, Нұр-Сұлтанды жастардың қаласына санап жатады. Туған күніңмен жастар қаласы Нұр-Сұлтан. Тарихта қалатын қаланың бірі болып, тәуелсіздігімізбен бірге мәңгілік жасай бер, жас қала, бас қала!

Жалғасбек САБИРОВ,

қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының үйірме жетекшісі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы