ӨМІРБАЯНЫ
Бульдуруков Сабыржан Калдыбекович 1978 жылы 10 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Отбасылы, төрт баланың әкесі.
1999 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Музейтану – тарихшы», 2002 жылы «Құқықтану», 2004 жылы «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» мамандықтары бойынша тәмамдаған. 2021 жылы Қайнар академиясының магистратурасын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. Еңбек жолын 2001 жылы Ә. Нұрмаханов атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресінен жаттықтырушы болып бастаған. 2003-2009 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Спорт» кафедрасында оқытушы, 2009-2011 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Алтын-инвест» ЖШС-де менеджер, 2012-2015 жылдары «ТЭК-Қазақстан» ЖШС Қостанай филиалының басшысы қызметтерін атқарған.
2016-2019 жылдары Шымкент қаласындағы «Шамсат» ЖШС спорт кешенінде директордың орынбасары, 2019 жылы Түркістан облыстық жекпе-жек түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінде әдіскер болып еңбек еткен. 2019 жылғы 9 қазаннан 2026 жылғы 7 сәуірге дейін Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Тұран» спорт ойын түрлері клубы МКҚК директоры қызметін атқарған. 2026 жылғы 7 сәуірден бастап Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубы КММ директоры қызметін атқарып келеді.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Ұрпаққа өнеге, елге ұйытқы болайық!
Мен үшін Әділет партиясының мүшесі және осы партияның атынан депутаттық мандатқа қол жеткізу – халықтың сеніміне ие болу ғана емес, сол сенімге күнделікті еңбекпен жауап беру. Осы орайда, аталған бағыттар аясында нақты ұстаныммен қызмет етуді көздеп отырмын.
ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛА – САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
СПОРТ – ДЕНІ САУ ҰРПАҚТЫҢ НЕГІЗІ
ПАРАСПОРТ – ТЕҢ ҚҰҚЫҚ ПЕН ТЕҢ МҮМКІНДІК
БІЛІМ, ЖАСТАР ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ
ДЕНСАУЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ КЕДЕРГІСІЗ ҚОҒАМДЫҚ ОРТА
ТАРИХИ МҰРА, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
АШЫҚ МӘСЛИХАТ – ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС
/Жарияланым ақысы кандидатқа қаралған мемлекет қаржысы есебінен төленді/
