№7 сайлау округі бойынша Түркістан қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер

20 көрілім

ӨМІРБАЯНЫ

Кудайбергенов Нишанбай Каримжанович 1988 жылғы 11 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2009 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ күресі, самбо және дзюдо спорт түрлерінен спорт шебері.

Еңбек жолын 2012 жылғы 11 сәуірде Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған.  Әр жылдары басшылық қызметтер атқарып, 2022 жылы 29 маусымнан 2026 жылы 12 қаңтарға дейін Түркістан қалалық №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарған. 2026 жылы 13 қаңтардан 2 ақпанға дейін Түркістан қалалық №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебін басқарған. 2026 жылы 2 ақпаннан бастап Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан облыстық бұқаралық спортты дамыту клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы. Үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған әке.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті жерлестер!

Мен Түркістанның әрбір баласы спортпен шұғылдануға мүмкіндік алғанын қалаймын. Әрбір тұрғын қауіпсіз әрі қолайлы ортада өмір сүргенін қалаймын. Осы мақсатта төмендегі бағдарламаны ұсынып отырмын:

I. Бұқаралық спорт – баршаға қолжетімді болуы тиіс

IІ. Балалар спорты – болашақ чемпиондардың бастауы

ІІІ. Білім мен тәрбие – ел болашағының тірегі

ІV. Жайлы қала – қауіпсіз өмір

Түркістан – бабаларымыздан қалған қасиетті мұра. Оны көркейту – бүгінгі ұрпақтың парызы. Мен осы мақсат жолында білімімді, тәжірибемді және күш-жігерімді ел игілігіне жұмсауға дайынмын.

/Жарияланым ақысы кандидатқа қаралған мемлекет қаржысы есебінен төленді/

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы