№17 сайлау округі бойынша Түркістан қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер

23 көрілім

ӨМІРБАЯНЫ

Арыстанов Жандос Джумадуллаевич 1989 жылғы 5 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1996 жылы Түркістан қаласындағы №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназияның бірінші сыныбына қабылданып, 2003 жылға дейін аталған білім ордасында оқыған. 2003-2006 жылдары Н.Оңдасынов атындағы дарынды балаларға арналған орта мектепте білім алған.

2006 жылы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес факультетіне мемлекеттік білім гранты негізінде оқуға түсіп, «Маркетинг» мамандығы бойынша білім алған. 2010 жылы аталған жоғары оқу орнын үздік дипломмен аяқтаған. Кәсіби білімін жетілдіру мақсатында екінші жоғары білім алып, 2017 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Кәсіпкерлік қызметінде экономикалық жоспарлау, нарықтық қатынастар және іскерлік бастамаларды дамыту бағытындағы білімін пайдаланып келеді.

Отбасылы. Төрт баланың әкесі.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

«ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – ЕРГЕ МІНДЕТ!»

Қадірлі жерлестер! Құрметті Түркістан жұртшылығы!

Мен өз қаламның кешегісін мақтан тұтамын. Бүгінгі жетістіктеріне қуанамын. Ал, келешегі бұдан да жарқын болуына жұмыла етуді азаматтық міндетім санаймын.

Осы мақсатта төмендегі сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын:

I. Білімді ұрпақ – қуатты мемлекет

IІ. Ұлттық тәрбие – ұрпаққа аманат

IІІ. Жайлы қала – жарқын болашақ

IV. Кәсіпкерлік – экономика тірегі

V. Халық сенімі – басты өлшем

Депутат халықтан биік тұрмауы тиіс, керісінше халықтың ортасында болуы керек деп есептеймін. Мен үшін әрбір тұрғынның пікірі маңызды. Әрбір өтініш – назар аударуды қажет ететін мәселе. Себебі, сенім сөзбен емес, іспен ақталады!

/Жарияланым ақысы кандидатқа қаралған мемлекет қаржысы есебінен төленді/

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы