ӨМІРБАЯНЫ
Аюпов Данияр Мадиханович 1984 жылы 7 қарашада Түркістан қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Хамза атындағы №2 орта мектебін үздік бітіріп шыққан. 2006 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Экология факультетін «Химиялық, экологиялық және криминалистикалық сараптама» мамандығын алған. 2009 жылы осы жоғары оқу орнының Экономика факультетін «Қаржы бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008-2011 жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында несие менеджері маманы, 2011-2013 жылдары «Бура-Югстрой» ЖШС сауда менеджері маманы, 2013-2017 жылдары «Бура-Югстрой» ЖШС экономист маманы болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер.
2023 жылы «Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін, 2025 жылы «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін, 2025 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл» төсбелгісін, 2025 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының «Халық бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін «Алғыс» төсбелгісін, 2023 жылы Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатын, 2017, 2020, 2021, 2026 жылдары Түркістан қаласы әкімінің Алғыс хаттарын иеленген.
Отбасылы, жұбайы Аюпова Динара Жумадуллақызымен бірге екі қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңызын терең түсіндім. Осы тәжірибемді Түркістанның дамуына бағыттауды мақсат етемін.
I. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘРТІП – ТИІМДІ ДАМУ НЕГІЗІ
II. КӘСІПКЕРЛІК – ТҰРАҚТЫ ТАБЫС КӨЗІ
III. ТАЗА ҚАЛА – САЛАУАТТЫ ӨМІР
IV. ДАМУ ДЕҢГЕЙІ – САПАЛЫ ӨМІР
V. ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
VI. ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС
Мен үшін депутаттық мандат – мәртебе емес, міндет. Халықтың сенімі – құрмет қана емес, жауапкершілік. Түркістанның болашағы бір адамның қолында емес. Ол – баршамыздың бірлігімізде, ортақ еңбегімізде, елге деген адалдығымызда.
Бірлігі бекем елдің берекесі мол.
/Жарияланым ақысы кандидатқа қаралған мемлекет қаржысы есебінен төленді/
