ӨМІРБАЯНЫ
Айнакожаев Ермек Пахмаддинович 1977 жылы 19 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. №51 қазақ орта мектебін тәмамдаған. 1994 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экономика факультетіне оқуға түсіп, 1998 жылы «Туризм және отель ісін басқару» мамандығы бойынша жоғары білімді тәмамдаған. Кәсіби білімін жетілдіру мақсатында 2002-2005 жылдары аталған университетте «Туризм және сервис» мамандығы бойынша магистратурада білім алған. 2011-2013 жылдары осы жоғары оқу орнында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білімін толықтырған. Еңбек жолын 1993 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы газ шаруашылығы мекемесінде газ таратушы слесарь болып бастаған. 2000-2001 жылдары Түркияның «Вакиф Иншаат» фирмасында бухгалтер қызметін атқарған. 2001-2002 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Халықаралық туризм және қонақүй басқармасына қарасты «Яссы» қонақүйінде аға тіркеуші, 2002-2004 жылдары аталған қонақүй директорының орынбасары болған. Сонымен қатар, 2021-2023 жылдары «Turkestan Silk Way Harbour» ЖШС-нің «Karavan Saray» кешенінде Housekeeping бағытының директоры болып еңбек еткен. 2023 жылдан бастап Халықаралық туризм және меймандостық университетінде аға оқытушы қызметін атқарып келеді.
Отбасылы. Төрт қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған әке.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Менің мақсатым – Түркістанның тарихи мәртебесін сақтай отырып, оны заманауи білімнің, мәдениеттің, туризмнің және кәсіпкерліктің өркендеген орталығына айналдыруға үлес қосу.
Осы мақсатта төмендегі бағыттарды басымдық ретінде ұсынамын.
I. ТУРИЗМ – ТҮРКІСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІГІ
II. БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ – БОЛАШАҚТЫҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ
III. КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – ТҰРАҚТЫ ТАБЫСТЫҢ КЕПІЛІ
IV. ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – ЖАЙЛЫ ӨМІР НЕГІЗІ
V. МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТ – ҚАЛАНЫҢ МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ
/Жарияланым ақысы кандидатқа қаралған мемлекет қаржысы есебінен төленді/
