КЕРЕК КЕҢЕС: КҮМӘНДІ САЙТТАРДАН САҚТАНУ КЕРЕК

15 көрілім

Егер пәтерде бөтен адам тіркелген болса, мүлік иесі коммуналдық қызметтер үшін көбірек төлейді. Егер бұл бейтаныс адам қылмыс жасаған болса, құқық қорғау органдарында ол адам тіркелген үй иелеріне сұрақ туындауы мүмкін. Түркістан қаласының тұрғындарына «Қазақстанда пәтерге кім тіркелгенін қалай білуге болады және оны тіркеуден қалай шығару керек?» деген сұрақтың жауабын білу үшін «Ұлттық ақпараттық жүйелер» АҚ өкілдерінің жауабын ұсынамыз.

Тұрғын үйге кім тіркелгенін қалай тексеруге болады?

ЕGov.kz порталы арқылы және eGov mobile қосымшасында тіркелген азаматтардың санын “Профиль” – “Жылжымайтын мүлік” – “Тұрғындар туралы ақпарат” бөлімінде көре аласыз.

Ол үшін ЭЦҚ, QR код немесе логин мен пароль арқылы порталға кіру қажет. Содан кейін жеке кабинетке өтіп, “Меншік” бөлімінде «Тіркелген тұлғалардың тізімін көрсету/жасыру»  опциясын таңдайсыз.

Тұрғын үйге заңсыз тіркелген тұрғынды қалай алып тастауға болады?

Егер сіз тұрғын үй иесі болсаңыз, өзіңізде тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеуден үш жолмен алып тастай аласыз: eGov.kz порталы арқылы, eGov mobile қосымшасы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына бару арқылы. еGov.kz порталы арқылы:

•          eGgov.kz порталына кіресіз.

•          “Тіркеуден шығару” қызметін табу үшін іздеу жүйесін қолданыңыз.

•          Қызметті онлайн алу батырмасын басыңыз.

•          Мекенжай мәліметтерін тексеріңіз.

•          Тіркелгендер тізімінен тіркеуден шығарғыңыз келетін адамды таңдаңыз.

•          Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып қолданбаға қол қойыңыз.

•          Қызмет нәтижелері порталдағы жеке кабинетте көрсетіледі.

ЕGov mobile қосымшасы арқылы:

•          ЕGov mobile қосымшасына кіріңіз.

•          “Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойынша есептен шығару” қызметін табу үшін іздеу жүйесін қолданыңыз.

•          Жылжымайтын мүлікті аймақ, мекенжайды тіркеу коды немесе кадастрлық нөмірі бойынша  іздеп, таңдаңыз.

•          Өтінішті Face ID/Touch ID арқылы растаңыз.

•          Қызмет нәтижелері “Жеке кабинет тарихы” бөлімінде көрсетіледі.

•          Мүліктің ортақ иелері болса, олар жеке кабинетте сіздің әрекетіңізді растауы керек.⠀

Сондай-ақ, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ филиалдарында, яғни ХҚКО-ларда тіркеуді алып тастауға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қызметті қолдану кезінде тіркеуден шығарылатын адамның ЖСН-ін білу қажет.

Тұрғындар көп тіркелген пәтерлер әдетте “созылмалы” деп аталады. Алматы облысында, прокуратура мәліметі бойынша, 12 мыңнан аса шетелдік тіркелген 278 үй анықталған. Кейбір деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (“Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру”) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады. Бұған дейін өздерін сот орындаушылары ретінде таныстырып, халықты алдауға көшкен алаяқтықтың жаңа түрі туралы жазған едік. Осы ретте барша отандастарды интернет алаяқтарға алданбауға, Netflix стриминг-сервисінен белгілі спам-хабарламалардан сақ болуға шақырамыз. Осы орайда «Керек кеңес» айдары арқылы сала мамандарының кеңестерін, Түркістан облысының тұрғындарының назарына кибершабуылдардан қалай сақтану керектігін ұсынып отырмыз. Алаяқтар Әділет министрлігінің атын жамылып, халықты алдай бастаған.

«ҚР Әділет министрлігі алаяқтар өздерін әділет органдарының қызметкерлері немесе сот орындаушылары ретінде таныстырып жүргенін ескертеді. Олар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттап, жүргізуші куәлігін тоқтата тұрумен және т. б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешекті өтеуді талап етеді», – дейді Талғат Уәли.

Мұндай қоңыраулар келіп түскен жағдайда ресми деректерді тексеру керек. Ол деректерді атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасынан көруге болады. Ол қосымша арқылы атқарушылық іс жүргізудің бар немесе жоқ екеніне көз жеткізуге болады.

Сонымен қатар мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының байланыс деректерін мына gov.kz сілтемесі арқылы алуға болады. Ал екінші сілтеме арқылы Атқарушылық іс жүргізуі органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне кіріп, өзіңізге қажетті ақпаратты біле аласыз.

Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуге шақырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы