ӨМІРБАЯНЫ
Мен, Хажиев Махсуд Сайтмухтарович, 1987 жылы 15 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Ескі Иқан ауылында дүниеге келдім.
1994 жылы қыркүйек айында Түркістан қаласы, Ескі Иқан ауылындағы Х.А.Ясауи атындағы жалпы орта мектебінің 1 сыныбына қабылдандым. 2005 жылы 11 сыныпты бітірдім.
2010 жылдан бастап 2018 жыл аралығында Астана қаласында «Аділ-2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде прораб қызметінде істедім.
2018 жылдан бастап жеке кәсіпкер «Нұрбек» торағасы болдым, құрылыс жұмыстары бойынша қызмет жасадым.
2022 жылдан бастап ҚазСушар РМК Түркістан қаласы бойынша бөлімшесінде су реттеуші қызметіне тағайындалдым.
2022 жылдың сәуір айынан бастап Ескі Иқан ауылдық округі бойынша халықтың дауысымен жергілікті қоғамдық мүшесі болып сайландым.
Қазіргі уақытта қоғамдық қызметпен айналысамын.
2023 жылы Сауран аудандық мәслихатының 8-інші шақырылым депутаты болып сайландым.
Отбасылымын.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
«АҚ ЖОЛ – НАҚТЫ ІСТЕР ЖОЛЫ!»
ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Туған жеріміз – Ескі Иқанның өркендеуі мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – басты мақсатым.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМЫМ:
Күшті мәслихат – қуатты өңір! Кәсіпке қолдау – елге қуат!
1. АУЫЛДЫ ДАМЫТУ
Жолдарды жөндеу, көшелерді абаттандыру, жарық, ауызсу және газ жүйелерінің сапасын арттыру, тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту.
2. БІЛІМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ
Мектептер мен балабақшалардың материалдық базасын жақсарту, медициналық қызмет сапасын арттыру, жас мамандарды тарту.
3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ СУ
Суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету, су үнемдеу технологияларын енгізу, жайылым мен егістік жерлерді тиімді пайдалану.
4. КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Шағын және орта бизнесті қолдау, жеңілдетілген несиеге қолжетімділікті арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу.
5. ЖАСТАР, СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Спорт және балалар алаңдарын салу, мәдениет нысандарын жаңарту, жастар бастамаларын қолдау.
6. ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Ауылды көгалдандыру, қоқыс жинау жүйесін реттеу, бейнебақылауды дамыту.
7. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ АШЫҚТЫҚ
Әлеуметтік осал топтарды қолдау, тұрғындармен тұрақты кездесу, бюджет қаражатының тиімді әрі ашық жұмсалуына бақылау жасау.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ – АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
Сауран ауданының экономикалық әлеуеті ауыл шаруашылығымен, кәсіпкерлікпен және өндірістік мүмкіндіктермен тығыз байланысты. Сондықтан ауылдағы еңбек адамына қолдау көрсету, шаруалардың мәселесін шешу және жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасау маңызды.
Тұрақты жұмыс пен табыс – отбасы әл-ауқатының басты негізі. Ал шағын және орта бизнестің дамуы аудан экономикасын нығайтып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырады.
Бұл бағытта:
- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа өндіріс орындары мен жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды қолдау;
- Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мәселелерін, соның ішінде суармалы су, жер, жайылым және инфрақұрылымға қатысты түйткілдерді көтеру;
- Шаруаларға мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен жеңілдетілген қаржыландыру тетіктерінің қолжетімді болуына ықпал ету;
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау және өткізу мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Жергілікті өнім өндірушілер мен кәсіпкерлердің дамуына қолайлы жағдай қалыптастыруға атсалысу;
- Ауданның туристік әлеуетін тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету саласы мен кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету.
Ауылдың экономикасы дамыса, тұрғындардың табысы артады, жаңа жұмыс орындары ашылады, ауданның әлеуметтік әлеуеті нығаяды.
ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК, ҚОҒАМҒА ҚАУІПСІЗДІК
Сауран ауданының болашағы – білімді, бәсекеге қабілетті, отаншыл жастардың қолында. Сондықтан жас буынның сапалы білім алуына, кәсіби тұрғыда қалыптасуына, спортпен және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі.
Сауран ауданының дамуы бір адамның немесе бір мекеменің ғана міндеті емес. Ол – тұрғындар, қоғам, кәсіпкерлер және мемлекеттік органдардың ортақ жұмысының нәтижесі. Әрбір ауылдың мәселесі назарға алынып, әрбір азаматтың пікірі ескеріліп, әрбір игі бастама нақты нәтижеге бағытталғанда ғана біз қалаған Сауранды қалыптастыра аламыз.
Менің мақсатым – тұрғындардың үні естілетін, мәселесі назардан тыс қалмайтын, мүмкіндігі мол, өмір сүруге қолайлы, экономикасы өркендеген Сауран ауданының дамуына үлес қосу.
Сауранның дамуы – әр ауылдың әл-ауқатынан, әр отбасының игілігінен басталады!
Туған жердің дамуы – ортақ жауапкершілік!
Болашаққа бірге қадам басайық!
