Қазақстандық сақтандырушы компаниялар жасанды интеллекті (ЖИ) бизнес-процестерге қарқынды енгізіп жатыр. ЖИ фотосуреттерден көліктің қаншалықты зақымдалғанын анықтайды. Бұл туралы «Freedom Insurance» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев мәлімдеді. Соңғы жаңалықтарды Түркістан облысының көлік тізгіндеген азаматтарының назарларына ұсынып отырмыз.
Сақтандырушы компаниялар жасанды интеллекті фотосуреттен көлікке қандай зақым келгенін оқуға арналған бағдарламада пайдаланады. Бұл зақымдану дәрежесі мен клиентке сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарлама көліктің зақымдалған-зақымдалмағанын, оның көлемін анықтауға үйретілген. Сонымен қатар ашық ChatGPT үлгісіне қосылған. Көлікке қандай зиян келгені анықталған соң, шығын көлемі нақтыланып, мамандар сақтандыру төлемін төлеуге кіріседі. Жобаның келесі кезеңі – зақымданудың мөлшерін автоматты түрде анықтау.
Корпоративтік бизнесті сақтандыруды цифрландыру мәселесі де қолға алынған. Мұнда мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған. Freedom Insurance өз жүйелерін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, Мемлекеттік кірістер комитеті, Сот кабинеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу және Корпоративтік деректер агрегаторымен біріктіруді жоспарлап отыр. Осы базалардың деректерін пайдалана отырып, сақтандыру компаниясы заңды тұлғаның портретін көреді және онымен сақтандыру полисіне қол қою туралы шешім қабылдайды.
Азамат Керімбаев келер жылы нарықта күтілетін басқа да өзгерістерге тоқталып өтті.
«Біріншісі – автокөлікті сақтандыруға қатысушылардың жабық тізімін енгізу. Бұл өз көлігін белсенді пайдаланатын және сақтандыру компаниялары үшін ең тиімсіз жүргізушілер реттеушінің назарында болуы үшін қажет. Көбінесе бұл санатта такси компанияларының такси жүргізушілері», – деді ол.
Реттеуші кеңейтілген әрекеттер полисін енгізуді жоспарлап отыр. Ол дегеніміз – бір көлікті бірнеше адамға жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл полистің бағасының өсуіне әсер етеді және сақтандыру компаниялары үшін өнімнің тиімсіздігін басқаруға көмектеседі.
Алдағы уақытта ЭЦҚ кілттері флеш-картада берілмейді. Бұл жайлы «Курсивке» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов айтты. Министрлік өкілінің айтуынша, парламент депутаттары миллиондаған қазақстандықтар пайдаланатын электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) флеш-картада беруге тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірлеп жатыр. Ұлттық куәландырушы орталығының ресми сайты арқылы қашықтықтан сәйкестендіру бойынша ЭЦҚ алуға арналған пилоттық жоба 2024 жылғы 4 наурыздан 2025 жылғы 4 наурызға дейін жүзеге асырылады. Осы мәліметтер жайлы соңғы өзгерістер мен жаңалықтарды Түркістан облысының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз.
Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің өкілі мұндай шаралар қауіпсіздік мақсатында қабылданып жатқанын айтады. Өйткені флеш-картаны азаматтар кез-келген уақытта жоғалтып алуы мүмкін. Солайша олардың электронды қолтаңбасы басқа адамның қолына түссе, оның жеке деректеріне қауіп төнуі мүмкін.
«Ұлттық сертификаттау орталығы әдетте кілтті флеш-картамен екі файл түрінде береді. Бұл – өте қауіпті. Сол себепті біз осы екі файлды тасымалдағышпен алу тәсіліне тыйым салғымыз келіп отыр», – дейді Әбдіхалықов.
Алдағы уақытта азаматтар ЭЦҚ кілтін токен арқылы беру тетігі қарастырылып жатыр. Ол үшін арнайы токен сатып алу керек болады. Сонымен бірге бұлтты цифрлық қолтаңбаны пайдалануға болады. Екі тәсілмен ЭЦҚ беру кезінде де азамат көп факторлы және биомертриялық тексеруден өтеді.
«Біз ұрлануы мүмкін файлдарды беруден гөрі осындай қауіпсіз әдіспен ЭЦҚ кілттерін ұсынғымыз келеді. Өйткені мұндай құжаттарды тіпті кейбір алаяқтар да қолды қылуы мүмкін», – деді министрлік өкілі.
Еске сала кетсек, ақпанда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биометриялық сәйкестендіру бойынша электрондық цифрлық қолтаңба және бұлтты электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін алу алгоритмін әзірледі. Электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін алудың балама шешімін ұсынатын бұл жоба әзірге пилоттық режимде жүргізілетіні айтылған болатын.
Биометриялық сәйкестендіру тәсілімен электронды қолтаңба алу үшін дербес компьютердің камерасы болуы шарт. Пайдаланушы компьютер камерасына кіруге өз рұқсатын беріп, нақты бір іс-қимылдар орындау ұсынылады. Тұтынушыға сәйкестендіру өткізу үшін 10 әрекет беріледі. Егер сәйкестендіру барысы сәтсіз өткен жағдайда портал 10 минутқа бұғатталады. Кейін әрекеттерді екінші рет қайталап енгізуге болады.
