КЕРЕК ДЕРЕК: ЖАСАНДЫ ЗЕРДЕНІ ПАЙДАЛАНУ ТРЕНДТЕ 

2 көрілім

Қазіргі таңда отандық қаржы ұйымдарында жасанды интеллект белсенді пайдаланыла бастаған. Осы орайда Түркістан қаласының тұрғындары үшін жасанды интеллект технологиясын дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін қаржы саласын реттеушілер жайлы айтпақпыз. Сарапшылардың айтуынша мына бағыттар бойынша бірқатар негізгі бастамаларды қолға алады деп отыр:

  • ЖИ дамуының бірыңғай стратегиялық желісін қамтамасыз ету үшін атқаратын жұмыстарды Үкімет бастамаларымен үйлестіру;
  • Тұтынушылардың мүддесін қорғау және болуы мүмкін сын-қатерді азайтумен қатар ЖИ саласындағы инновацияларға ықпал ететін бірте-бірте ынталандыратын реттеу стратегиясын қолдану;
  • Құзыреттерді дамыту және оларды одан әрі мамандарды даярлау және дамыту бағдарламалары арқылы қаржы нарығында қолдану, сондай-ақ білім мен үздік тәжірибелерді алмасу;
  • Қаржы секторында тәжірибе жүзінде қолдануға бағытталған эксперименттерді жүзеге асыру және жобалар әзірлеу;
  • Есептеу ресурстарын, бұлт қызметтерін және дерек алмасу платформаларын қоса алғанда, ЖИ технологиясының жұмысына қажет инфрақұрылымды дамыту.

Баяндама авторларының айтуынша, қаржы индустриясындағы генеративті ЖИ клиенттерге арналған чат-боттардың технологиясы ретінде кең таралған, дегенмен оның қызмет аясы әлдеқайда кең. Генеративті ЖИ мүкіндіктері тұтынушыларға стандартты қызмет көрсетуден асып кетеді, соның ішінде қаржылық талдауды автоматтандыру және бағдарламалық шешімдерді әзірлеу сияқты күрделі тапсырмалар бар.

«Көптеген жетекші әлемдік банктер мен сақтандыру компаниялары өз модельдерін құрып немесе қызмет ретінде ұсынылған шешімдерді біріктіру арқылы генеративті ЖИ-ді белсенді түрде зерттеп жатыр. Goldman Sachs, Deutsche Bank, American Express және Wells Fargo сияқты ірі компаниялардың мысалдары қаржы индустриясына генеративті ЖИ-ді кеңінен енгізу дәуірі басталғанын көрсетеді», – дейді сарапшылар.

Кейінгі жылдары жасанды интеллект технологиялары барлық салада дамып келе жатқанын білеміз. Отандық қаржы нарығына қатысушылардың 31%-ы өз қызметінде ЖИ-ді қандай да бір дәрежеде пайдаланады екен. Екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) арасында жасанды интеллектті пайдаланудың максималды деңгейі – 60%. NVIDIA сауалнамасына сәйкес, қаржы ұйымдары арасында ЖИ-ді пайдаланудың орташа әлемдік көрсеткіші – 43%. Бұл қазақстандық қаржы нарығына қатысушылар арасындағы жалпы көрсеткіштен жоғары, демек отандық қаржы секторына ЖИ баяу бейімделіп және енгізіліп жатыр деген сөз. Бұл жайлы өңір тұрғындарының назарына бірқатар мәліметтерге шолу жасаған болатынбыз. Түркістан облысының тұрғындары үшін отандық салалардағы жасанды интеллект технологиясын дамытуға қолайлы жағдай жасау маңызды салаға айналды. Респонденттердің 45%-ы 2024 жылы жасанды интеллекітіні қолдануды жоспарлап отырғанын атап өткен. Жалпы, 2024 жылы жасанды интеллектіні дамыту жоспарлары осы технологияны қолданудың қазіргі деңгейіне тікелей байланысты екенін атап өтуге болады. Бұл бастапқы инвестициялар мен ЖИ енгізу тәжірибесі ұйымдардың осы технологияға инвестиция салуды жалғастыру ниетін күшейтетінін көрсетуі мүмкін.

Респонденттердің 37%-ы – ЖИ енгізудің ерте сатысында, 4%-ы – пилоттық жоба сатысында, 11%-ы – ішінара енгізу сатысында және 4%-ы ЖИ-ді толық енгізгенін атап өтті, олардың ішінде 3 банк пен 1 микроқаржы ұйымы бар.  

17%-ы жасанды интеллектіні енгізу ішкі процестерді автоматтандыру деңгейін арттырғанын, 15%-ы клиенттерге қызмет көрсету деңгейін арттырып, тәуекелдерді басқаруды жақсартқанын, 9%-ы деректерді өңдеу дәлдігін жақсартқанын, 7%-ы шешім қабылдауды оңтайландырғанын және маркетингтік стратегиялардың тиімділігін арттырғанын айтқан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы