№15 сайлау округі бойынша Сауран аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер

2 көрілім

Садибаев Серик Умирханович

ӨМІРБАЯНЫ

Мен Садибаев Серик Умирханович 1979 жылы 15 тамызда Шымкент облысы, Түркістан ауданы Жаңа Иқан ауылында дүниеге келдім.

1985-1996 жылдар аралығында Жаңа Иқан ауылындағы Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінде оқыдым.

1996-2000 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан аймақтық гуманитарлық институтында «Құқықтану» мамандығы бойынша оқыдым.

2000-2001 жылдары РМҚК Түркістан филиалында автодромның инженерлік жұмысын, 2002-2005 жылдары Түркістан қаласы, Жаңа Иқан ауылдық әкімшілігінде маман қызметін атқардым.

2005-2006 жылдары Түркістан қаласы, Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі аппаратының маман салық инспекторы болып жұмыс атқардым.

14.08.2006-26.02.2008 жылдары Түркістан қаласы Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс басқарушысы болып ауысу тәртібімен тағайындалдым.

2008-2009 жылдары Түркістан қаласы, Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің кеңесшісі, 2009-2013 жылдары Түркістан қаласы, Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс атқардым.

2013-2021 жылдары аралығында Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі болып қызмет еттім.

2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Сауран ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін. Отбасылымын, төрт ұлым бар.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Басты мақсатым – ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және Жаңа Иқан ауылдық округінің дамуына елеулі үлес қосу.

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында төмендегі мәселелерді басымдыққа аламын:

1. Ауыл инфрақұрылымын дамыту

– Ескірген көше жарықтарын жаңартып, жарықтандыру жүйесін жақсарту.

– Көшелерді кезең-кезеңімен асфальттау және жөндеу жұмыстарын жүргізу.

– Тозығы жеткен ауызсу құбырларын жаңарту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту мәселесін шешуге ықпал ету.

– Электр желілері мен трансформаторлардың жағдайын жақсартып, электр қуатының тұрақты берілуін қамтамасыз ету.

– Ауылдағы интернет және ұялы байланыс сапасын арттыру.

2. Ауыл шаруашылығын қолдау

– Суармалы жерлерді ағын сумен үздіксіз қамтамасыз ету.

– Жайылым мәселесін шешуге ықпал ету.

– Мал және егін шаруашылығын дамытуға жан-жақты қолдау көрсету.

3. Жастар саясаты және балалар болашағы

– Ауылда спорт кешенін салу мәселесін жоғары деңгейде көтеру.

– Балаларға арналған заманауи ойын алаңдарын салуға ықпал ету.

– Жастардың спортпен және мәдениетпен айналысуына тиісті жағдай жасау.

4. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту

– Жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету.

– Шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету.

– Кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламаларға қол жеткізуіне жәрдемдесу.

5. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау

– Медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

– Медициналық нысандардың жағдайын жақсарту.

– Әлеуметтік осал топтар мен мұқтаж отбасылардың мәселелерін үнемі назарда ұстау.

6. Қоғамдық қауіпсіздік

– Бейнебақылау камераларын орнату мәселесін көтеру.

– Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін жақсартуға ықпал ету.

7. Халықпен кері байланыс

– Тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізу.

– Халықтың өтініштері мен ұсыныстарын тиісті мемлекеттік органдарға жеткізу.

– Өзекті мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолдап, олардың шешілу барысын бақылауда ұстау.

Атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдында жүйелі түрде есеп беру.

Депутаттық қызметтің тиімділігі халықпен байланыс деңгейінен көрінеді. Сондықтан тұрғындармен тұрақты жүздесіп, олардың мәселелерін тыңдау, көтерілген өтініштердің шешілу барысын бақылау және атқарылған жұмыстар туралы ашық ақпарат беру – қызметімнің ажырамас бөлігі болады.

Аудан бюджетінің тиімді әрі мақсатты жұмсалуына, әлеуметтік маңызы бар жобалардың сапалы жүзеге асуына депутаттық бақылау жасауға басымдық беремін. Қажет болған жағдайда депутаттық сауалдар жолдап, тиісті мемлекеттік органдар алдында тұрғындарды толғандырған мәселелерді көтеремін.

Мен үшін депутаттық мандат – жеке мәртебе емес, халық сеніп тапсырған жауапкершілік. Сондықтан әрбір ұсынысқа құлақ асып, әрбір мәселенің шешілуіне мүмкіндік іздеп, тұрғындар мүддесін қорғауды басты қағида санаймын.

Халықтың үні естілетін, тұрғындардың пікірі ескерілетін, экономикасы өркендеген аудан қалыптастыру жолында табанды еңбек етуге әзірмін. Ауылдың өзекті мәселелерін тиісті деңгейде көтеру және олардың шешілуіне ықпал ету — менің міндетім. Жаңа Иқанның дамуы, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында жауапкершілікпен жұмыс істеуге дайынмын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы