№10 сайлау округі бойынша Сауран аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерТурсинбаев Сардор Орифжанұлы

2 көрілім

ӨМІРБАЯНЫ

Мен Турсинбаев Сардор Орифжанұлы 2003 жылы қазіргі Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылында дүниеге келдім. 2009-2021 жылдар аралығында Жүйнек ауылындағы А. Югнаки атындағы жалпы орта мектебін тәмамдап, сол жылы Шымкент Университетіне «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына түсіп, 2025 жылы аяқтадым. 2026 жылдың мамыр айынан бастап Сауран ауданы №1 балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы болып қызмет атқарып келемін. Сонымен қатар ауылымызда жаңадан бой көтерген ЖШС «JALIL ABDULLAEV ZIATKERLIK MEKTEBI»-інде дене шынықтыру пәнінің оқытушысымын. Бүгінде балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында еңбектеніп келемін. Әр түрлі спорттық іс шараларға оқушыларды дайындап, командалық сайыстарға апарып аудандық, облыстық жүлделерді иемденіп келеміз. Мақсатымыз – еліміздің көк туын желбіретіп, егемен елімді әлемге таныту.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

«ЖАСАМПАЗ ЖАСТАР – ЖАҢА АУЫЛ!»

Менің мақсатым – ауыл жастарының әлеуетін ашу, жаңа бастамаларға жол ашу және ауылдың дамуына жас буынның белсенді қатысуына мүмкіндік жасау.Жас болу – тәжірибесіздік емес, керісінше, жаңа идеяларға, тың бастамаларға және өзгерістерге деген ұмтылыс. Мен ауылдың болашағы жастардың белсенділігімен тікелей байланысты деп есептеймін.

I. Жастар – ауыл болашағы

– Ауыл жастарының ұсыныстары мен жобаларын қолдауға бағытталған бастамалар көтеру.

– Жастардың жұмыспен қамтылуына және кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау мәселесін көтеру.

– Жастарға арналған бос уақытты тиімді өткізу орталықтарын ашуға ықпал ету.

– Жастардың аудандық және облыстық қоғамдық іс-шараларға қатысуын арттыру.

– Белсенді жастарды ауылды дамыту жұмыстарына тарту.

ІI. Спорт – салауатты ұрпақ кепілі

– Жастар арасында футбол, волейбол, баскетбол, қазақ күресі және басқа спорт түрлерінен тұрақты турнирлер өткізу.

– Спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесіне назар аудару.

– Ауыл спортшыларының аудандық және облыстық жарыстарға қатысуына қолдау көрсету.

III. Білім, тәрбие және жаңа мүмкіндіктер

– Оқушылар мен жастар арасында білім сайыстары мен интеллектуалдық жарыстар ұйымдастыруға бастамашылық жасау.

– Жоғары оқу орындарына түсуге дайындалып жүрген жастарға ақпараттық қолдау көрсету.

– Жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу.

– Білікті мамандармен кездесулер ұйымдастыру.

– Дарынды және талантты жастардың қабілетін дамытуға қолдау көрсету.

ІV. Ауылдың жаңа тынысы

– Ағаш отырғызу, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

– Балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын көбейту мәселесін көтеру.

– Ауыл тұрғындарының цифрлық қызметтерді пайдалануына көмектесу бастамаларын қолдау.

– Ауылдың өзекті мәселелерін әлеуметтік желілер мен қоғамдық алаңдарда ашық көтеру.

V. Жастар және қоғамдық жауапкершілік

– Жастар мен аға буын арасындағы байланысты нығайту.

– Еріктілер қозғалысын дамыту.

– Қайырымдылық және әлеуметтік жобаларға жастарды жұмылдыру.

– Ауылдағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамау.

– Әрбір жас азаматтың ауыл өміріне араласуына мүмкіндік жасау.

Депутаттық қызметтің тиімділігі халықпен байланыс деңгейінен көрінеді. Сондықтан тұрғындармен тұрақты жүздесіп, олардың мәселелерін тыңдау, көтерілген өтініштердің шешілу барысын бақылау және атқарылған жұмыстар туралы ашық ақпарат беру – қызметімнің ажырамас бөлігі болады.

Аудан бюджетінің тиімді әрі мақсатты жұмсалуына, әлеуметтік маңызы бар жобалардың сапалы жүзеге асуына депутаттық бақылау жасауға басымдық беремін. Қажет болған жағдайда депутаттық сауалдар жолдап, тиісті мемлекеттік органдар алдында тұрғындарды толғандырған мәселелерді көтеремін.

Мен үшін депутаттық мандат – жеке мәртебе емес, халық сеніп тапсырған жауапкершілік. Сондықтан әрбір ұсынысқа құлақ асып, әрбір мәселенің шешілуіне мүмкіндік іздеп, тұрғындар мүддесін қорғауды басты қағида санаймын.

Сауран ауданының дамуы – ортақ мақсат, ал оның нәтижесі әрбір тұрғынның өмірінен көрінуі тиіс. Ауданның қай ауылында тұрса да, әр азамат өзін қоғамның маңызды мүшесі ретінде сезініп, өзгерістердің игілігін көруі керек. Халықтың үні естілетін, тұрғындардың пікірі ескерілетін, әрбір бастамасы нақты іске ұласатын, ауылдары көркейіп, экономикасы өркендеген аудан қалыптастыру жолында табанды еңбек етуге дайынмын!

Менің ұстанымым – жастардың дауысы естілуі керек! Ауылдың болашағы бүгінгі бастамалардан басталады. Мен өзгерісті күтетін емес, өзгеріске үлес қосатын жас буынның өкілі болғым келеді!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы