№10 сайлау округі бойынша Сауран аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер

3 көрілім

Анарбаева Мунажат Рамазанқызы

ӨМІРБАЯН

Мен, Анарбаева Мунажат Рамазанқызы 1999 жылы 24 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келдім.

2005 жылы С.Рахимов орта мектебіне қабылданып, 2014 жылы 9 сыныпты аяқтадым. 2005–2014 жылдар аралығында С. Рахимов атындағы орта мектепте білім алып, мектепішілік және аудандық қоғамдық, мәдени-спорттық іс-шараларға белсенді қатыстым. Оқу барысында түрлі пәндік олимпиадаларға, білім сайыстарына, спорттық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласып, іс-шаралар ұйымдастыруға атсалыстым.

2014 жылы Түркістан көпсалалы медицина колледжіне оқу орнына түстім. Медицина саласына деген қызығушылығым мен адамдарға көмек көрсетуге деген ниетімді кәсіби бағытта дамыту мақсатында білім алдым. Оқу барысында таңдаған мамандығымның қыр-сырын меңгеріп, теориялық білімімді тәжірибемен ұштастырдым. Колледж қабырғасында қоғамдық және мәдени іс-шараларға белсенді қатысып, кәсіби білімімді жетілдіруге және тәжірибелік дағдыларымды қалыптастыруға көңіл бөлдім.

2018 жылы Түркістан көпсалалы медицина колледжін «Медбике» мамандығы бойынша аяқтадым.

Мақсатымды жүзеге асыру үшін 2021 жылы Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университетке «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түстім. Университетте білім ала жүріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін терең меңгеруге, педагогикалық және кәсіби білімімді жетілдіруге басымдық бердім.

Оқу кезеңінде қоғамдық жұмыстарға, мәдени және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысып, жастармен жұмыс жасау, ұйымдастырушылық қабілетімді дамыту бағытында тәжірибе жинақтадым. Сонымен қатар, алған білімімді тәжірибемен ұштастырып, болашақ ұстаз ретінде кәсіби дағдыларымды қалыптастыруға көңіл бөлдім.

Еңбек жолымды 2025 жылы жастар практикасы бағдарламасы аясында Ж.Абдуллаев зияткерлік мектебінде бастадым.

Жастар практикасы мерзімін сәтті аяқтағаннан кейін, еңбек ұжымының ұсынысы және жұмыс нәтижелерімнің негізінде аталған мектепте өз қызметімді жалғастыруға мүмкіндік алдым. Қазіргі уақытта осы білім беру ұйымында педагог ретінде еңбек етіп, оқушылардың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына және түрлі білім сайыстарына қатысуына өз үлесімді қосып келемін. Қазіргі таңда педагогикалық еңбек жолымда кәсіби біліктілігімді арттырып, оқушылардың білім сапасын көтеру бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келемін. Оқушыларды пәндік олимпиадаларға, білім сайыстарына және түрлі шығармашылық байқауларға дайындап, олардың жүлделі орындарға ие болуына жетекшілік етіп жүрмін.

Отбасылымын. Жолдасыммен бірге тату-тәтті отбасы құрып, 2 ұл, 1 қыздың анасымын.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жүйнек ауылының кандидаты ретінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғауды, елді мекеннің өзекті мәселелерін көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуді басты мақсаттарымның бірі деп санаймын. Әрдайым тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға, өзекті мәселелерді тиісті мекемелер алдында көтеруге және атқарылған жұмыстардың нәтижесін бақылауға дайынмын.

Мен үшін кандидат болу – тек сайлауға қатысу емес, ауыл тұрғындарының сенімі мен жауапкершілігін сезіну.

1. Ауыл инфрақұрылымын дамыту

– Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, инженерлік желілерді жаңарту мәселелерін көтеру.

2. Таза ауызсу және электрмен қамтамасыз ету

– Ауызсу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне, тозған құбырларды жөндеу мен электр желілерінің сапасын жақсартуға ықпал ету.

3. Білім беру саласын қолдау

– Мектептердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау, қосымша білім беру үйірмелері мен оқу орталарын дамытуға атсалысу.

4. Жастарды қолдау және жұмыспен қамту

5. Әйелдер мен отбасыларды қолдау

– Әйелдердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына, осал отбасыларға көрсетілетін қолдау шараларының қолжетімді болуына ықпал ету.

6. Денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігі

– Ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру.

7. Спорт пен мәдениетті дамыту

– Балалар мен жастарға арналған спорт алаңдарын, мәдени іс-шараларды, шығармашылық үйірмелерді дамытуға атсалысу.

8. Ауыл тазалығы мен көркейту жұмыстары

– Көшелердің тазалығын сақтау, қоқыс шығару жүйесін реттеу, көгалдандыру бастамаларын қолдау.

9. Әлеуметтік қолдау және тұрғындармен байланыс

– Қарттар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың мәселелерін назарда ұстау. Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тиісті орындарға жеткізу.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы