№14 сайлау округі бойынша Сауран аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер

2 көрілім

Шарапов Хуршид Бахтиярович

ӨМІРБАЯНЫ

Шарапов Хуршид Бахтиярович 1988 жылы маусым айының 11 жұлдызында Ескі Иқан ауылында дүниеге келген. Осы ауылдағы Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінде оқып, білім алды. Білімі жоғары. 2010 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экономика факультетінде «қаржы» мамандығы бойынша, 2012 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «мәдени тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 2012 жылғы қаңтар айынан бастап Ескі Иқан ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырушы қызметін атқарумен бастады. Қазіргі уақытта Ескі Иқан ауылдық мәдениет үйінің директоры лауазымдық қызметін атқарады.

Сауран аудандық мәслихатының 8-інші шақырылым депутаты. «Достық» этно-фольклор ансамблінің жетекшісі.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

1. ӨҢІРДІҢ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ

Шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды қолдауға ықпал етемін.

Шағын және орта бизнесті қолдау: Ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындардың өз кәсібін бастауына мүмкіндік жасау мақсатында жастарға, әйелдерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несиелер бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетуге ықпал етемін.

– Ауыл шаруашылығын қолдау: Мал шаруашылығы мен егіншілікті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру мақсатында шаруаларға мемлекеттік субсидиялар мен жеңілдетілген қаржыландыру тетіктерін пайдалану бойынша көмек көрсетуге, ет-сүт бағытындағы фермалар ашу бастамаларын қолдауға ықпал етемін.

2. АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ

Осы бағытта сапалы ауыз суға, табиғи газға және тұрақты электр қуатына қолжетімділікті арттыруға, жолдардың жағдайын жақсартуға, көшелерді жарықтандыруға және су басу қаупінің алдын алуға бағытталған бастамаларды көтеремін.

3. БІЛІМ БЕРУ, ДЕНСАУЛЫҚ САКТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПАРАМЕТРЛЕР

Ауыл тұрғындарының медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыру және медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, білікті дәрігерлерді тартуға және «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында медицина мамандарына тұрғын үй мен көтерме жәрдемақы беру мәселелерін шешуге ықпал етемін.

Сапалы білім: Балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешуге, білім беру ұйымдарын робототехника кабинеттерімен, сапалы интернетпен қамтамасыз етуге ықпал етемін.

4. РУХАНИЯТ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ДАМЫТУ

Осы мақсатта Сауран ауданының тарихи-мәдени мұраларын сақтауға және туризмді дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға ықпал етемін. Мәдениет ошақтарын жаңғырту: Ауыл тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру және рухани дамуына жағдай жасау мақсатында мәдениет үйлері мен кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оларды заманауи құрал-жабдықтармен және жаңа әдебиеттермен толықтыруға, мәдениет қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мәселелерін көтеремін. Нәтижесінде тұрғындардың мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндігі кеңейіп, балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға жағдай жасалады.

– Тарихи мұралар мен туризм: Сауран ауданының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және туристік әлеуетін арттыру мақсатында тарихи ескерткіштерді қорғау мен қалпына келтіру бастамаларын қолдауға, этнотуризм мен тарихи туризм бағыттарын дамытуға ықпал етемін.

5. ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Қауіпсіз ауыл: Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында көшелерге, қоғамдық орындарға және мектеп маңына бейнебақылау камераларын орнату мәселесін көтеріп, тиісті органдармен бірлесіп жұмыс жүргізуге ықпал етемін.

Бұқаралық спорт: Балалар мен жастардың денсаулығын нығайту, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауылдарда спорт алаңшалары мен сауықтыру нысандарын салуға, бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуға ықпал етемін.

Жастар бастамасы: Жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын арттыру, жастардың әлеуметтік және кәсіпкерлік жобаларын қолдауға ықпал етемін.

Ескі Иқан ауылының инфрақұрылымын жаңартып, кәсіпкерлік пен әлеуметтік саланы дамыту арқылы жерлестерімнің тұрмыс сапасын арттыру – басты мақсатым!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы