№14 сайлау округі бойынша Сауран аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер

2 көрілім

Шамшиддинов Шарафиддин Ахтамұлы

ӨМІРБАЯН

Мен Шамшиддинов Шарафиддин Ахтамұлы 1998 жылы 10 наурызда Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келдім.

2005-2015 жылдар аралығында Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінде білім алдым.

2015-2022 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқып, жалпы медицина факультетін тәмамдадым.

2022 – 2025 жылдар аралығында Ұлытау облысы Жезқазған қаласында ЖШС Абильдинова отбасылық дәрігерліқ емханасында жалпы тәжірибелік дәрігер болып еңбек еттім. 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің резидентурасында эндокринология мамандығы бойынша оқимын. 2025 жылдың қазан айынан бастап ЖШС Дау-Мед емханасында жалпы тәжірибелік дәрігер болып жұмыс атқарамын. Отбасылымын, бір ұлым бар.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Халыққа алғашқы көмек көрсету барысында сан алуан әлеуметтік мәселелерді көріп, өзекті мәселелердің оң шешімін табуға ықпал етуге әрекет жасаймын.

Сауран ауданы тұрғындары үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге ықпал етемін.

Білім саласы мен медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын көтеру, мектептердің емдеу мекемелерінің материалдық техникалық базасын және ауылдарға сапалы интернет жүйесін жеткізуге өз тарапымнан барынша ықпал етемін;

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, денсаулықты нығайту жөніндегі бағдарламаларды іске асыру үшін халықпен әсіресе жастармен, ұйымдасқан ұжымдармен, білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау тетіктерін енгізуді, көздейтін кешенді шаралар әзірлеуге және іске асыруға күш жұмсаймын.

Өзара іс-қимылдың басым міндеті ана мен баланы қорғау, соның ішінде балалар жарақаттанушылығын төмендету, балалар мен жастардың ментальдық және репродуктивті денсаулығын нығайту, халықты қолжетімді сапалы толыққанды тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметтерімен қамсыздандыруға бағытталған кешенді шараларды іске асыруды қамтамасыз етуге ықпал жасаймын;

Қала мен ауылдардың байланысын нығайту. Ауылдық және қала арасындағы қоғамдық көлікті жүргізу қажет. Қазір шалғай ауылдарда орналасқан халық Шорнаққа келіп кетуі үшін екі-үш көлікке мінуге мәжбүр. Бұл мәселені түбегейлі шешу қажет;

Еліміздің ең басты құндылығы бірлік, ынтымақ, тұрақтылықты сақтай отырып, халықты даму жолына бастаймын. Дауларды шешуде медиация бойынша тәжірибелік дағдыларына үйретуге мүмкіндік жасаймын;

Ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының су тапшылығына байланысты, тік дренажды скважина құдықтарын қаздыруға және тамшылатып суару әдісін кеңінен енгізуге ықпал етемін.

Әр отбасының сапалы ауызсуға, тұрақты электр қуатына, табиғи газға, жөнделген жолға, жарық көшеге және қолайлы әлеуметтік ортаға қол жеткізуі – өркендеген ауданның негізгі көрсеткіші.

Осы бағытта мәслихат депутаты ретінде ауыл өміріне тікелей әсер ететін мәселелерді тұрақты көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуді басты міндетім санаймын.

Ауыл тұрғындарының өмір сапасы – басты басымдық

Ауданның әрбір елді мекеніндегі инфрақұрылымдық мәселелер жүйелі түрде шешілуі қажет. Ауызсу, электр энергиясы, газбен қамту, интернет, жол және қоғамдық көлік – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды салалар. Сондықтан осы бағыттардағы жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуына назар аударып, шешімін күткен мәселелерді мәслихат деңгейінде көтеремін.

Сонымен қатар ауылішілік көшелерді жөндеу, аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын жаңарту, көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мәселелерін де назардан тыс қалдырмаймын. Ауданның әрбір ауылы мен елді мекенінің қажеттілігі ескеріліп, бюджет қаражатын бөлу кезінде аумақтардың өзекті мәселелеріне басымдық берілуіне ықпал етемін.

Халық қатысқан шешім – нәтижелі шешім

Ауданға қатысты маңызды шешімдер тұрғындардың пікірі ескерілген жағдайда ғана өміршең болады. Өйткені белгілі бір ауылда қандай мәселе өзекті екенін сол жерде тұратын азаматтар жақсы біледі. Бір көшеге асфальт төсеу, бір елді мекенге ауызсу тарту немесе қоғамдық кеңістікті жаңарту туралы шешім қабылданғанда да тұрғындардың ұсынысы назарға алынуы керек.

Құрметті сайлаушылар!

Мен Сауран ауданы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы