Назаров Нурбол Баймаханбетович
ӨМІРБАЯНЫ
Мен Назаров Нурбол Баймаханбетович 1989 жылы Түркістан қаласында дүниеге келдім.
1996 жылы мектеп табалдырығын аттап, 2007 жылы жалпы орта мектепті бітіріп үлкен өмірге қадам бастым.
2009 жылы Шымкент Университетінің Майлыкент колледжіне оқуға түсіп, 2012 жылы бітірдім. Осы жылы Шымкент Университетіне бакалаврға тапсырып, Денешынықтыру және спорт мамандығын 2016 жылы алып шықтым.
2018 жылдан бастап Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінде мұғалім қызметін атқарып келемін. Отбасылымын, төрт баланың әкесімін.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Елімізде бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыру, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту, жұмыссыздықпен күресу, өңірімізде өндіріс ошақтарын ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, мұқтаж жандарға көмек беру, жұртшылықтың талаптары мен тілектерін, мұқтаждарын атқарушы билікке жеткізіп, табандылық көрсету арқылы күрмеулі мәселелерді шешу, жаңа кезеңнің жаңа талаптарына сай еңбек ету – менің міндетім.
Сауран аудандық мәслихатына депутаттыққа кандидат ретінде төмендегі міндеттерді орындауды азаматтық борышым деп білемін.
Менің бағдарламамның негізгі бағыттары:
Халықтың әлеуметтік әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру – менің сайлауалды бағдарламамдағы өзекті мәселенің бірі болып табылады.
– Аудан орталығы мен елдімекендер арасындағы көлік қатынастарын реттеу мәселесіне;
– Мұқтаждыққа аса зәру зейнеткерлер, ардагерлер, аналар, балалар, мүгедектер мен тұрмыс жағдайы төмен жанұялардың мұң-мұқтаждарын тиісті орындарға жеткізе отырып, оң шешімін табу мәселесіне;
– Мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесіне;
– Өмірлік қиын жағдайға тап болған, аз қамтылған, қолайсыздықтағы отбасылар мен тұлғаларға атаулы көмек беру мәселесіне;
– Денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесіне;
– Келешек ұрпаққа қамқорлық жасау мақсатында саламатты өмір салтын насихаттау, жастардың бойында Отанымызға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді қалыптастыру және елдімекендерде мектеп, ауруханалар, балабақшалар салуға, дене тәрбиесі мен спортты дамыту мәселесіне;
– Елдімекендердегі тұрғын үйлердің аулаларындағы балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшалары құрылысының жүргізілу мәселесіне;
-Барлық мектептерде бала-ларға адам құқығының ізгілік мәнін, оның міндеттерін, әрекет нормалар мен қағидаларын терең сезінуге мүмкіндік беретін тәрбиенің әртүрлі құралдары мен әдістерінің кешенін жүйелі түрде пайдалану мәселесіне барынша ықпал жасаймын.
Ауданның экономикалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы тұрғындардың табысын арттыруға және ауылдардың әлеуетін нығайтуға ықпал ету – негізгі мақсаттарымның бірі.
Тарихи мұраны сақтау, таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыру
Сауран ауданының ерекшелігі – оның бай тарихи мұрасы мен рухани құндылықтарында. Әлемге танымал көне Сауран қалашығы мен өзге де тарихи-мәдени орындар ауданның туристік әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік береді. Бұл құндылықтарды сақтау және келешек ұрпаққа аманат ету – баршамыздың міндетіміз.
Сонымен қатар ауылдардың тазалығы мен қоғамдық қауіпсіздік те тұрғындардың өмір сапасын айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығы, жасыл желектің көбеюі, саябақтар мен демалыс орындарының жайлылығы, балалар алаңдарының қауіпсіздігі жүйелі назарда болуы керек.
Қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуіне қатысты ұсыныстар білдіремін. Көне Сауран қалашығы мен тарихи орындарды қорғау, туристік инфрақұрылымды дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мәдениет саласын қолдау бағытындағы бастамаларға басымдық беремін.
Ашықтық, жауапкершілік және тұрақты есеп
Депутаттық қызметтің тиімділігі халықпен байланыс деңгейінен көрінеді. Сондықтан тұрғындармен тұрақты жүздесіп, олардың мәселелерін тыңдау, көтерілген өтініштердің шешілу барысын бақылау және атқарылған жұмыстар туралы ашық ақпарат беру – қызметімнің ажырамас бөлігі болады.
Аудан бюджетінің тиімді әрі мақсатты жұмсалуына, әлеуметтік маңызы бар жобалардың сапалы жүзеге асуына депутаттық бақылау жасауға басымдық беремін. Қажет болған жағдайда депутаттық сауалдар жолдап, тиісті мемлекеттік органдар алдында тұрғындарды толғандырған мәселелерді көтеремін.
Мен үшін депутаттық мандат – жеке мәртебе емес, халық сеніп тапсырған жауапкершілік. Сондықтан әрбір ұсынысқа құлақ асып, әрбір мәселенің шешілуіне мүмкіндік іздеп, тұрғындар мүддесін қорғауды басты қағида санаймын.
