Байбуланов Бахытжан Илясбайұлы
ӨМІРБАЯНЫ
Мен, Байбуланов Бахытжан Илясбайұлы 1995 жылы қыркүйек айының 20 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы,Түркістан қаласы Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылында дүниеге келдім. 2001 жылы Түркістан қаласы, Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылындағы №2 Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінде білім алып, 2012 жылы сол мектепті бітірдім. 2012 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алып, 2016 жылы аяқтадым. 2017-2021 жылдар аралығында мамандығым бойынша Түркістан қаласында «Альфа» банкте менеджер болып жұмыс жасадым. 2022 жылдан қазіргі таңға дейін жеке кәсіпкер «ИП Ілес» те жұмыс жасап келемін.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Аудандық мәслихатқа депутат болып сайлансам, маған жүктелетін міндеттерді сайлаушылардың пайдасы үшін жауапкершілікпен шешуге бар күшімді жұмсаймын. Сауран ауданының өсіп-өркендеуіне, ауылымның әлеуметтік, рухани, экономикалық және саяси дамуына өз үлесімді қосуға белсенді атсалысамын. Өзім сайлауға түсетін округтің мәселелерін өзімнің мәселем деп санаймын. Сондықтан да оларды шешуге барынша белсенділік таныта отырып, келесі бағдарламалар бойынша жұмыс жасаймын деп жоспарлап отырмын:
1.Қарттарға, зейнеткерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедектер мен жетім балаларға көмек көрсету жөніндегі жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру;
2.Аудан бюджетінен бөлінетін қаржылардың, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидия, т.б. жеңілдіктерді мақсатты жұмсалуын қадағалау, халық мүддесін қорғауға атсалысу;
3. Егістік және жайылым жерлерді тиімді пайдалануын және тапшылығын жоюға;
4.Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасау, жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға көмектесу;
5. Өз округіме қарасты аймақтағы ішкі жолдарды қалыпқа келтіру, көшелерді жарықтандыру мәселелерін шешу, демалыс орындарын, балаларға арналған ойын алаңшаларын ұйымдастыру, мектепке оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін түрлі үйірмелер ашуын қарастыру;
6. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау, бұзақылықтың алдын алу, жастарды салауатты өмір салтын ұстауға ынталандыру, рухани құндылық, бірлік, адамгершілік қалыптастыру қажет деп есептеймін.
Әлеуметтік әділеттілік және тең мүмкіндік
Ауданның дамуы барлық тұрғынға бірдей мүмкіндік ұсынғанда ғана шынайы мәнге ие болады. Әлеуметтік жағынан осал отбасыларға, көпбалалы аналарға, ардагерлерге, жалғызбасты азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мәселесі әрдайым назарда болуы тиіс. Әлеуметтік көмектің қолжетімді әрі әділ көрсетілуіне, ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдаймын.
Білім беру мен денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру, мектептер мен медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселелерін де тұрақты көтеремін. Ауыл балаларының сапалы білім алуына, жастардың кәсіби дамуына, спортпен және шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік кеңейту – ауданның келешегіне салынған инвестиция.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығы мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететін жобаларды қолдау маңызды. Өйткені тұрғындардың тұрақты табысы мен жұмыспен қамтылуы – әл-ауқаттың негізгі тірегі.
Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік – аудан экономикасының тірегі
Сауран ауданының экономикалық дамуы ауыл шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Егін және мал шаруашылығын өркендету, суармалы су мәселесін шешу, жайылымдық жерлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, шаруалардың өнім өндіру және өткізу мүмкіндіктерін кеңейту – маңызды міндеттер.
Осы бағытта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мәселелерін мәслихат деңгейінде көтеріп, шаруаларды қолдауға, өндірілген өнімді өңдеу мен сақтауға, жергілікті кәсіпорындардың дамуына бағытталған бастамаларды қолдаймын. Шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту, ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне басымдық беремін.
Халқыма қызмет ету – азаматтық парызым
Бірлік бар жерде – тірлік бар. Сіздердің бірліктеріңіз алдағы сайлауға бір кісідей қатысудан көрінсе, бәріміздің де қоғам алдындағы жауапкершілігіміз – үлкен міндеттерімізді орындауды жүктейді.
Мен, сіздердің тәуелсіз қоғамымызда табысты еңбек етіп, берекелі өмір сүрулеріңізге ықпал жасауды басты міндетім әрі перзенттік парызым деп санаймын.
Біздің келешек ұрпағымыз гүлденген ауылымызда өмір сүруге лайықты!
