№8 сайлау округі бойынша Сауран аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер

2 көрілім

Елеуов Ерсултан Рүстемович

ӨМІРБАЯНЫ

Елеуов Ерсултан Рүстемович 1976 жылғы 23 тамызда Түркістан қаласына қарасты Шаға а/о Қазақстанның 30 жылдығы ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Отбасылы, төрт қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырған өнегелі әке.

1982–1993 жылдары Қазақстанның 30 жылдығы ауылындағы Молда Мұса атындағы жалпы орта мектепте білім алған.

1993–1997 жылдары Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінде білім алып, «Дене тәрбиесі, мәдениет және спорт» мамандығын меңгерген.

Еңбек жолын 2000 жылы Шаға ауылдық округіндегі Молда Мұса атындағы жалпы орта мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2008-2012 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі. 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін осы білім ордасында дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді.

Бірқатар марапаттарға ие болған. Атап айтқанда:

2016 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Мектеп» журналының «Үздік мұғалім» төсбелгісімен;

2021 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хатымен;

2022 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «Алғыс хатымен» марапатталған.

2023 жылы «Біздің Депутат» Республикалық қоғамдық-саяси газетінің рейтингі бойынша «ҮЗДІК ДЕПУТАТ»  төсбелгісімен марапатталды.

Республикалық «El QURMET» қоғамдық қорының шешімімен 2025 жылғы шешіміне сәйкес өз саласына қосқан еңбегі үшін «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен марапаталды.

2026 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

2026 жылы ӘDILET партиясының төрағасы А.Дәдебайдың Алғыс хатымен марапатталды.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Округ тұрғындарының, әсіресе Қазақстанның 30 жылдығы ауылының көтерген мәселелері мен «Әділет» партиясының Түркістан облысы бойынша 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына сәйкес, кеңейтілген әрі нақтыланған уәделерімді ұсынамын:

Бірінші. Бұқаралық спортты, спорттық инфрақұрылымды дамыту

Ауылда заманауи жабық спорт кешендері мен ашық спорт алаңшаларының жеткіліксіздігі тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына кедергі келтіруде. Осыған байланысты бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жастарға қолайлы жағдай жасау және салауатты өмір салтын қалыптастыру маңызды міндет болып табылады.

Осы орайда:

Спорт кешенін пайдалануға беру: Тәжірибелі педагог-спортшы ретінде партиялық бағдарламаға сәйкес, 2028 жылы Қазақстанның 30 жылдығы елді мекеніндегі жаңа спорт кешенінің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру мәселесін тиісті органдар алдында көтеріп, оның іске асуына ықпал етемін.

Ашық спорт алаңшаларын салу: Ауылда бюджет есебінен 2 кіші футбол алаңы мен 2 стритбол алаңшасын салуға күш саламын.

Ұлттық және зияткерлік спорт түрлерін дамыту: №2 Молда Мұса мектебі мен ауыл клубтары базасында қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат және дойбы секцияларының желісін 100%-ға кеңейтуге ықпал етемін.

Екінші. Көлік-жол инфрақұрылымын, көшелерді жарықтандыруды және қауіпсіздікті жақсарту

Қазақстанның 30 жылдығы ауылында ішкі көшелердің бір бөлігінің асфальтталмауы және кешкі уақытта көше жарықтандыруының жеткіліксіздігі қолайсыздық туғызуда.

Осы орайда:

Ішкі көшелерді жөндеу: Ғ.Мүсірепов, Құрманғазы, С.Қожановтың 6-шы қиылысы, Ақан сері, Майлы қожа 1,2 көшелеріне орташа жөндеу жүргізіп, асфальт төсеу жұмыстарын аяқтау мәселесін көтеріп, тиісті қаржының бөлінуіне ықпал етемін.

Үшінші. Коммуналдық инфрақұрылым

Ауыз су жүйесін жаңарту: Қазақстанның 30 жылдығы ауылындағы ескірген су құбырларын жаңарту және ауыз су сапасын бақылауға арналған сүзгіш қондырғыларды орнату мәселесін көтеремін.

Электрмен жабдықтау жүйесін жақсарту: Тозығы жеткен электр бағандары мен сымдарын жаңарту, қосымша трансформатор орнату арқылы электр кернеуін тұрақтандыруға ықпал етемін.

Жаңа орамдарды табиғи газға қосу: Аудандағы ГРС-18 газ бөлу стансасының мүмкіндіктерін ескере отырып, ауылдағы №13 Ә.Сығай атындағы ЖББМ мен жаңадан бой көтерген тұрғын үй орамдарын орталықтандырылған табиғи газ жүйесіне толық қосу мәселесін тиісті органдар алдында көтеремін.

Құрметті сайлаушылар!

Мен туған ауылымның перзенті, ұстаз әрі мәслихат депутаты ретінде ауыл тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігін, олардың талап-тілектері мен өзекті мәселелерін жақсы түсінемін. «Әділет» партиясының қолдауына сүйене отырып, өзімнің білімім мен тәжірибемді ел игілігіне жұмсауға дайынмын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы