«ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

147 көрілім

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» алдындағы алаңда «Денсаулық жолы» жобасы аясындағы жылжымалы медициналық кешендердің таныстырылымы өтті.

«Денсаулық жолы» – Түркістан облысының шалғай елді мекендеріндегі тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жобаның жалпы бюджеті 1 138 926 820 теңгені құрайды.

Жоба аясында заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешендер елді мекендерді аралап, тұрғындарға онкологиялық скринингтен және профилактикалық тексерулерден өтуге мүмкіндік береді. Осылайша, шалғай ауыл тұрғындары қажетті медициналық қызметтерді алу үшін облыс орталығына арнайы бармай-ақ, тексеруден өз елді мекендерінде өте алады.

Таныстырылым барысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеров медициналық ұйымдардың өкілдеріне жылжымалы медициналық кешендердің кілттерін табыстады.

Жаңа кешендер шалғайдағы елді мекендерге сапалы медициналық қызметті жақындатып, ауруларды ерте анықтау мен алдын алу жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы