БАС ЖҮЛДЕ – БАЗАРБАЕВТАРДА!

137 көрілім

Бүгін Түркістан қаласында өткен «Бір атаның балалары футбол ойнайды!» атты жанұялық командалар арасындағы XXV республикалық жарыс өз мәресіне жетті.
Екі күнге созылған дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен 32 отбасылық команда қатысып, бас жүлде үшін тартысты бәсеке көрсетті. Жарыстың басты ерекшелігі – бір әулеттен бірнеше буынның бір команда сапында өнер көрсетуі. Осылайша, футбол алаңында спорттық бәсекемен қатар, ұрпақ сабақтастығы мен отбасылық құндылықтар дәріптелді.
Жарыс қорытындысы бойынша Базарбаевтар әулеті жеңімпаз атанып, 1 миллион теңге көлеміндегі бас жүлдені иеленді.


II орынға – Сыбановтар әулеті лайық деп танылып, 600 мың теңге жүлдеге ие болды.
Ал III орынды – Дадажан ата әулеті қанжығасына байлады.
Сонымен қатар, турнирдің «Үздік жас ойыншысы» номинациясына Әлинұр Бекзатұлы, ал 75 жасар Әділбек Тілешов «үздік ардагер ойыншы» аталымына лайық деп танылды. Бұдан бөлек Әміртай Нұржігіт «үздік шабуылшы», Әділет Ерланұлы «үздік қақпашы», Алтынбай Есенбаев «үздік қорғаушы», Артур Дадашев «үздік ойыншы» атанды.
Осылайша, ширек ғасырлық тарихы бар дәстүрлі дода биыл да отбасылық спорттың жарқын үлгісін көрсетіп, түрлі өңірлерден келген әулеттерді бір алаңда тоғыстырды.

Д.ТІЛЕУХАН

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы