- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қала әкімі Рашид Аюпов жауапты бөлім басшыларымен бірге тұрғындардан түскен өтініштер бойынша бірқатар нысандарды аралады.
Алдымен “Бекзат” мөлтек ауданындағы екі қабатты үйлерге барып, күрмеулі мәселелерді анықтады. Жобамен 1966-1972 жылдары салынған Т.Бәйтерекұлы және І.Есенберлин көшелеріндегі жалпы 11 көппәтерлі үйдің жағдайын бақылап, нәтижесінде көктемде күрделі жөндеу жұмыстарына көңіл бөлініп, кәріз, су жүйелері жүргізіліп, ойын алаңшалары салынатындығын, ол үшін әр ауланы таза ұстау – тұрғындардың ортақ жұмысы екендігін ұсынды.


Осылайша қала әкімдігі өз тарапынан көмек көрсетіп, жаңа жобаларды іске асырмақ.
Сондай-ақ, темір жол вокзалы мен аллея жуық арада заманауи кейіпке енеді. Келген туристердің бірінші аяқ басар орнында ақпарат беретін орталық, келбетті демалыс аймағы жаңарады.
Бүгінде “Қазпошта” мекемесінің жұмысына қала халқынан түрлі видеолар келуде. Күніне 1000-1600 тұрғынға қызмет көрсететін шаһардағы “Түркістан” аудандық пошта байланыс торабына барып, жағдайды өз көзімен көрген қала басшысы онда жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қызмет сапасын арттыруды тапсырды. Жалпы, 1975 жылы пайдалануға берілген мекемеде қала бойынша 11, ал ауылдарда 22 бөлімшеде 120 адам қызмет көрсетеді.
Орталықтағы базардың өзгеріске еніп жатқан келбетін бақылаған шаһар басшысы “Азиз” базарындағы сауда қатарлары мен салынып жатқан сауда үйінің бүгінгі жұмысын көрді. Заман талабына сәйкестендіру үшін жұмыстар легі жалғасуда. Осы айда сауда үйі пайдалуға беріліп, кәсіпкерлер жұмысын жаңа ғимаратта жалғастырады деп күтілуде.
