- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін Түркістан қаласында «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде үстел теннисінен Түркістан облысының ашық біріншілігі шымылдығын түрді.
Алдағы жексенбіде қорытындыланатын біріншілік 2004-2009 жылдары туылған ұлдар мен қыздар, 40 жасқа дейінгі жастар, 40 пен 70 жастан жоғары ересектер арасында өтуде. Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен жарыстың бас демеушісі және тұрақты ұйымдастырушысы облыстық мәслихаттың депутаты, «Иассы» консорциумының президенті Үмбет Әбілдаұлы Жүсіпбаев.



“300-ден астам спортшылар бақ сынап жатқан биылғы Халықаралық жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан бөлек Өзбекстан мен Ресей мемлекеттерінен теннисшілер қатысуда. Жыл сайын жарыстың жоғары деңгейде өтуіне септігін тигізіп отырған Үмбет Жүсіпбаевқа барлық жарысқа қатысушылар атынан ризашылығымызды білдіреміз”, – дейді жарыстың бас төрешісі Оразбек Божбанбаев.



Біріншіліктің ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары М.Базарқұлов, қалалық мәслихаттың депутаты Ғ.Сәрсенбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы П.Қырықбаев пен көптеген қонақтар ізгі ниеттерін білдіріп, үстел теннисінің дамуына өз септігін тигізетін турнирдің деңгейі арта берсін, – деген жылы лебіздерін білдірді. Сайыс қорытындысы туралы толық ақпаратты алдағы уақытта қосымша жария ететін боламыз.



Айта кетейік, бұл шара «Спорт – есірткіге қарсы» ұранымен Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл, «Nur Otan» партиясының 21 жылдық мерейтойына және Түркістан облысының бір жылдығына орайластырылған.
Райымжан ӘЛІБАЕВ,
«Түркістан».