- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
24.06.2019 жыл. Арыс қаласындағы әскери қоймадан шыққан өрт жарылыстарға ұласты. Апат кезінде шұғыл әрекет еткен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы төтенше жағдай жариялап, қаладан ондаған мың адам эвакуацияланды. Суыт жағдайдан хабардар болған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арыстықтармен жүздесіп, барлығы қалыпқа келтірілетініне сендірді. Қазақ елі сын сағатта орын алған оқыс оқиғаны ынтымақтың арқасында еңсерді. Бүгінде Арыста жағдай тұрақты, гүлденген қаланың тіршілігі жандануда.
03.07.2019 жыл. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан қаласының әкім болып Рашид Абатұлы Аюпов тағайындалды.
17.08.2019 жыл. Түркістанда шығыстық үлгідегі автовокзал пайдалануға берілді. Биыл сәуір айында құрылысы басталған ғимарат Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында орналасқан. Тәулігіне 10 мың адамға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы автовокзалда 600 автобусқа арнайы 15 тұрақ қарастырылған.