Киберқылмыстың өзіне тән ерекшеліктері бар екені белгілі, оның ішінде, қағазда болмағандықтан ізі қалмайды. Сондықтан виртуалды валюталарды заңсыз пайдалану жағдайында дәлелдемелік база әдетте жоғары білікті тергеушілер мен арнайы білімді талап ететін электронды дәлелдемелерден тұрады.
Осы бағыттағы қалыптасқан проблемаларға: осы қылмыстармен күресуге жауапты персоналдың, оның ішінде ақпараттық технологиялар және компьютерлік технологияларды пайдалану саласындағы арнайы білімдердің жеткіліксіз дайындығы; egov.kz сайтындағы және ақпараттық-коммуникациялық салада жеткілікті білімді ұсынбайтын қазақстандық жоғары оқу орындарындағы қызметтер мен қосымшалардың сапасыздығы; ақпараттық қауіптерге қарсы тұрудың маңыздылығын бағаламау; және қылмыстық құқықтағы киберқылмыс, киберкеңістік, киберқауіпсіздік, киберқорғаныс және алаяқтық сияқты негізгі ұғымдарға анықтама бермеу жатады.
Бұл қажеттілік біздің өмірімізге интернет енуінің жоғары деңгейінде және цифрлық сауаттылықты арттыруда көрінеді. Цифрлық сауаттылықтың кейбір негізгі компоненттеріне мыналар жатады: компьютерлік бағдарламалар (мәтіндерді өңдеу, электрондық кестелер, презентациялар) туралы негізгі білім; электрондық пошта және жылдам хабар алмасу дағдылары; желіде дұрыс мінез-құлық (цифрлық этикет); киберқауіпсіздік принциптерін түсіну; және желілік контентпен жұмыс кезінде сыни ойлау.
Үшінші – технологияларға, деректерге және цифрлық қызметтерге қатысты барлығын реттейтін Цифрлық кодексті әзірлеу. Талдап көрейік.
Бұл жерде, цифрлық ортадағы қатынастарды реттеуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің жобасы туралы айтылады.
2025 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша жоба Парламент Мәжілісінің қарауына қабылданып, Мәжіліс жанынан құрылған құзырет орталығында одан әрі әзірлеу жүргізілуде. Кодекс жобасын GitHub сайтында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жариялау жоспарлануда.
Жоба 10 тараудан тұрады және басқалармен қатар цифрлық ортада мемлекеттік басқару, цифрлық сәйкестендіру, тәуекелдерді бақылау және басқару, цифрлық кеңістікте жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды.
Цифрлық кодекстің негізгі элементтерінің бірі жеке деректерді қорғауға қатысты мәселелерді реттеу болып табылады. Құжат дербес деректерді өңдеудің, сақтаудың және берудің ашық және қатаң стандарттарын белгілеуге, бұзушылықтар үшін жауапкершілік механизмін енгізуге және деректер субъектілерінің құқықтарын анықтауға, олардың жеке ақпаратына бақылауды күшейтуге арналған.
Төртінші – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру. Әр министрлік пен әкімдікте жергілікті деңгейде цифрландыруға жауапты жеке вице-министрлер болады. Бұны да зерттеп көрейік.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттiк басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Мемлекет басшысы төмендегідей Жарлық шығарды:
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің инновациялық қызмет саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне беріле отырып, оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне айналдыру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі берілген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленсін.
Сонымен қатар, Премьер-министр атап өткендей, цифрландыру жаңа агенттікке ғана қатысты емес. Негізгі мемлекеттік органдарда тағайындалған «цифрлық вице-министрлерге» айтарлықтай жауапкершілік жүктеледі.
Бұл лауазымдарға үміткерлерді Ұлттық экономика министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және әр әкімдік бекітуі қажет. Барлық үміткерлер тиісті агенттіктің мұқият іріктеу процесінен өтуі керек.
Сонымен, Мемлекет басшысы атап көрсеткен негізгі бағыттардың барлығын ел дамуы үшін маңызды әрі қажет екеніне көз жеткіздік. Әсіресе, жастарға, цифрландыруға және жасанды интеллектке баса назар аударылғаны қуантады. Бұл болашақ ұрпақтың әлеуетін ашуға жаңа мүмкіндіктер береді.
Негізінде, мемлекет қабылдаған шаралар мен шешімдердің кең ауқымы азаматтарға көрінбейді. Олар нақты нәтижелерді ғана көреді. Мемлекеттік қызметтер барлық бюрократиялық процедураларды жойып, мүмкіндігінше электронды форматқа көшіріліп жатқаны да сондықтан.
Қуатбек ҚАЛЫҚҰЛОВ
