– Мектептерді сапалы интернетпен қамту, компьютерлермен жарақтандыру ісі қалай жүргізіліп келеді?
– Бүгінде Түркістан қаласындағы барлық мектеп кезең-кезеңімен жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтамасыз етіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен облыстық білім басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.
Мектептерге талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, интернет жылдамдығы 100-ден 500 Мбит/сек аралығында орнатылған. Сонымен қатар, оқу үдерісін цифрландыру мақсатында мектептер компьютерлермен, интерактивті тақталармен және заманауи IT құрылғылармен кезең-кезеңімен жабдықталып жатыр.
Бүгінгі таңда оқушылар мен мұғалімдердің цифрлық білім беру ресурстарына кедергісіз қол жеткізуі үшін барлық жағдай жасалып отыр. Бұл – білім сапасын арттыруға, цифрлық теңсіздікті жоюға бағытталған нақты қадамдардың бірі.
– «Bilim land» цифрлы жүйесінің білім саласында қолдану барысы қалай жүзеге асып жатыр?
– Қазіргі таңда Түркістан қаласы мектептерінде білім беру процесін цифрландыру бағытында бірқатар жүйелер тиімді қолданылып келеді. Атап айтқанда, «Bilimland» платформасы оқу процесін интерактивті әрі қолжетімді етуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл жүйе арқылы оқушылар цифрлы сабақтарға қатысып, қосымша білім алу ресурстарын пайдаланады.
Сонымен қатар, цифрлы құрылғылармен, интернетпен қамту жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.
– Бірінші сыныпқа биыл қанша бала электронды жүйе арқылы қабылданды?
– 2025-2026 оқу жылында Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты 85 жалпы білім беретін мектептерге бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта және қағаз жүзінде іске асырылды. Нәтижесінде, электронды жүйе арқылы 1276 бала, қағаз жүзінде 4121 бала, жалпы бірінші сыныпқа 5397 бала қабылданды.
– «Әлеуметтік әмиян» жобасы Түркістан қаласында жүзеге асырылып жатыр ма?
– Иә, Түркістан қаласында «Әлеуметтік әмиян» (е-асхана) жобасы кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Қазіргі таңда 33 мектеп асханасына бұл жүйе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында орнатылған. Жоба 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап толыққанды жұмысын бастады.
– Оқушылар сабақ барысында цифрлық оқулықтарды қолдана ма?
– Иә, Түркістан қаласы Білім бөлімінің қарасты бастауыш сыныптарында «Цифрлық сауаттылық» пәні электронды оқулықтар арқылы (флеш-карта түрінде) жүргізіледі. Бұл оқушылардың цифрлық білімін арттырып, жаңа технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.
– Биылғы оқу жылында қызметкерлерді жұмысқа қабылдау электронды жүйемен жүргізілді ме?
– Түркістан қаласының білім бөлімі, ҚР Оқу-ағарту министрінің 31 наурыздағы №57 бұйрығы негізінде педагогтерді жұмысқа қабылдау Түркістан облысы білім басқармасының 25.08.2025 жылғы №25/5326 санды хатына сәйкес, Бөлімге қарасты барлық мемлекеттік білім беру мекемелеріне педагогтерді жұмысқа қабылдау уақытша тоқтатылуы туралы және қосымша осыған орай білім беру ұйымдарында бос лауазымдарға педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша қағаз форматта жарияланған конкурстарды қағаз форматта аяқтауды, ал модульде жаңа конкурстарды жариялау бойынша хаттар жолданып, жұмыстар жүргізілді.
– Алдағы уақытта Түркістан қаласындағы білім саласында қандай инновациялық жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар?
– Түркістан қаласы білім беру саласының стратегиялық дамуына бағытталған қала білімінің құндылығы, қала білімінің көкжиегі, білімге сүйенген қала ұранымен «Samala» бағдарламасы қаланың білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеру, инновациялық идеяларды қолдау және заманауи талаптарға сай тиімді білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асыру жоспарланған.
Түркістан қаласының білім беру ұйымдарында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және сабақ сапасын жақсарту мақсатында Lesson Study әдісі кең көлемде енгізіліп жатыр.
Оқушылардың ұлттық рухын көтеру, тарихи санасын қалыптастыру, түркі әлемінің рухани мұрасын тану арқылы білім беру мазмұнын байыту және жаңғырту мақсатында Көне Түркі Руна жазуларын, Шағатай жазбаларын – 4 мектепке, Яссауитану пәні вариативтік компонент негізінде мектеп бағдарламасына ендіріп, ұлттық тарихи-мәдени мұраны білім беру жүйесіне интеграциялау жоспарланған.
– Білім саласында инновациялық инфрақұрылым құру бойынша қолға алынып отырған жобалар мен жоспарлар бар ма?
– Түркістан қаласындағы білім саласында инновациялық инфрақұрылым құру бойынша STEAM білім беру жобасы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді кіріктіріп оқыту арқылы оқушылардың STEAM олимпиадалары, хакатондар, ғылыми жобалар байқаулары ұйымдастырылып, дарынды балаларды қолдау жүйесін дамытуды көздейді. Қала мектептерінде STEАM зертханаларын жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазіргі таңда 10 мектепте STEАM зертханалары жұмыс атқарып жатыр.
Қала мектептерінде заманауи Arduino, LEGO Mindstorms, Raspberry Pi платформаларымен жұмыс істейтін робототехника кабинеттері ашылып, оқушылардың техникалық шығармашылығын дамытуға жағдай жасалып жатыр. Қаланың 17 мектебінде Робот құрастыру, бағдарламалау, автоматтандыру негіздері оқытылады.
– Әңгімеңізге рақмет!
