Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Комиссия отырысында салалық бөлім басшылары мен жауапты мекеме өкілдері баяндама жасап, мемлекеттік қызмет көрсету барысында ашықтық пен заңдылық қағидаттарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде ақпарат берді.
Аудан әкімі мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, қызметтік әдеп талаптарын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге анықталған мәселелерді жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және профилактикалық жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
