ТҮРКІСТАН: ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ІЛГЕРІЛЕТУ МАҢЫЗДЫ

5 көрілім

Мемлекет басшысы бәсекеге қабілетті мемлекеттер сапына қосылу үшін еліміздің білім саласында ғана емес барлық салаларында цифрлық технологияны, айти бағдарламасы бойынша маман даярлауды, жасанды интеллектті дамытуды қолға алу қажет дей отырып «Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады.

Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн. Бұл тәсілді білім бағдарламасы заман талабына сай келетін өз оқу орындарымызға да қолдануға болады.

Осы ретте грант құны жастарды сапалы оқытуға мүмкіндік беруге тиіс. Мемлекет қаржысын университеттің бәріне шашып, оңды-солды тарата беруге болмайды.

Үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту керек. Инновациялық саясатты еліміздің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үйлестіру қажет» деді.

Түркістан қаласында үш халықаралық университет бар. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде 10 мыңға жуық студент білім алуда. Оның ішінде, 6 782 азамат Түркістан облысының тұрғындары болса, 3 211-і – басқа қалалар мен шет елдерден келген азаматтар.

Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінде 2 980 студент оқиды. Оның ішінде, Түркістан облысының тұрғындары 1 932 болса, 1 048 студент басқа өңірлерден келген. Түркістан облысында білім саласын, оның ішінде бәсекеге қабілетті ІТ мамандарын даярлауға үлкен мән берілуде. Осыған байланысты 2024 жылғы наурыз айында Түркістан облысының делегациясы Корея Республикасына жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар аясында Түркістан облысының әкімі «WOOSOONG» білім беру қорымен Түркістан қаласында IT университетінің филиалын ашу бойынша келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде, сол жылы маусым айында «WOOSOONG» университетінің делегациясы Түркістан облысына іссапармен келді. Кездесу барысында «WOOSOONG» білім беру қорының төрағасы Ким Сун Кюнмен Түркістан облысының әкімі арасында Түркістан қаласында университет құру туралы келісімге қол қойылды.

Айта кетейік, EPAM Systems – 1993 жылы құрылған беларуссиялық тамыры бар американдық ІТ компаниясы. Беларуссияның жоғары технологиялар паркінің резиденті тапсырыс бойынша бағдарламалық жасақтама өндіреді, кеңес беру қызметін көрсетеді. Компанияның Штаб-пәтері Пенсильвания штатының Ньютаун қаласында орналасқан және оның филиалдары әлемнің 40-тан астам елінде бар. Компанияның айналымы – 5,5 млрд. АҚШ доллары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы