ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖЫЛЫ – 2

1 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанхалқына дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауында да елдің бүгіні мен болашағы туралы ойы, Отанға, елге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі бізді бейжай қалдырмады, осындай асыл қасиет әрбір азаматтың да  бойында табылса деген көзқарас оянды. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылуды Президент жолдауынан  жан-жақты қозғап, қазіргі уақыттағы ұлттық сана, таяу жылдардағы міндеттерге қатысты бірқатар мәселе айтылған. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекеге қабілетімен айқындалады.  «Прагматизм» – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз» деуі де Мемлекет басшысының жастарға үлкен бағдар бергені деп білеміз. Студенттерге қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес, керсінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану және үнем іздену көргенділікті көрсетеді деп түсіндірдім. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген». Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. Кез келген білімді жас өмір табалына сай мамандықты өзгертіп, нарықтық экономикаға бейімделу керек. Ең бастысы, болашақтың капиталы білім екендігін түсініп, үнемі ізденіс пен нәтижеге қол жеткізу жағынан жетілдіру уақыт талабы екенін ұққан жөн. Қазақстанның алдына қойған басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, елді жаһандық аренада бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін ең алдымен жаңа технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті (ЖИ) кеңінен енгізу қажет. 

Алдағы уақытта ЖИ-дің ғылым мен жоғары білім саласында қолданылу ауқымы кеңейеді деп күтілуде. Жауап берген ұйымдардың жартысы болашақта бұл технологияны кеңінен қолдануға мүдделі екенін білдірген. Сонымен қатар, ЖИ-ді қолданып жүрген ресейлік ғылыми ұйымдардың 25%-ы және жоғары оқу орындарының 38%-ы бұл технология ғылымдағы ішкі үдерістерді түбегейлі өзгертеді деп есептейді. Олардың ішінде интеллектуалды шешім қабылдауды қолдау технологиялары (33%) ең перспективалы бағыт ретінде аталған.

Елімізде жасанды интеллект саласында AI-Sana оқыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – студенттердің жасанды интеллект бойынша біліктілігін арттыру. Мемлекет басшысы бұл бағдарламаның қолдану аясын барынша кеңейту орынды екенін еске салды. Жасанды интеллект бойынша оқытушылар мен оқушылардың білім деңгейін көтеру – салалық министрліктің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Сонымен қатар, инвестициялар мен таланттар үшін тартымды экожүйе қалыптастыру қажет. Өткен жылы жаһандық деңгейде жасанды интеллект саласындағы стартаптарға салынған инвестиция көлемі шамамен 100 миллиард долларды құрады. Бұл – әлемдегі барлық венчурлік инвестициялардың үштен бірінен астамы. 2023 жылмен салыстырғанда ИИ-жобаларды қаржыландыру шамамен 80%-ға артқан. Осылайша, жасанды интеллект саласындағы таланттар мен идеялар үшін күрес едәуір күшейіп отыр.

Бүгінде негізгі инвестициялық ағындар АҚШ, Еуропалық Одақ елдері және Қытайдан келеді. Алайда бұл қаражат экожүйе қалыптасқан жерлерге ғана бағытталады: инфрақұрылымға, қолдау жүйесіне, заңнамалық реттеуге және нарықтарға қолжетімділік бар жерлерге. Ақша тек қолайлы жағдай бар жерге келеді.

Былтыр жазда Мемлекет басшысы еліміздегі жасанды интеллект саласындағы бірқатар қазақстандық стартаптардың жұмысымен танысты. Президент олардың кейбірі болашақта «единорог» стартаптарына айналуы мүмкін екенін атап өтті. Бізде дарынды жастар бар, олар елге адал және патриоттық көзқараста, дегенмен кейбірі шетелде жұмыс істеуде. Мұндай таланттарды мемлекет қолдауы тиіс Өзінің Жолдауында Президент талантты зерттеушілерді қолдау бойынша мемлекет тарапынан қосымша шаралар қабылдау қажеттігін ерекше атап өтті:

«Білікті отандық мамандарды елге қайтарудың тиімді тетіктерін әзірлеп, енгізу қажет. Кадрлық қажеттіліктерді өтеу үшін көші-қон саясатын қайта бейімдеу керек. Ұлтына қарамастан, ел дамуына үлес қоса алатын білікті мамандарды шетелден тарту маңызды. Олар Қазақстанда қалуы үшін барлық жағдай жасалуы қажет. Өйткені бізге ең алдымен техникалық мамандықтар бойынша өз ісінің нағыз шеберлері – жоғары білікті кадрлар аса қажет.»

Шәукенова Зарема,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, академик.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы