Психикалық денсаулық- бұл адамның өз мүмкіндіктерін іске асырып, күнделікті өмірлік қиындықтарға қарсы тұрып күйзелістерге төтеп беру, шешім қабылдай алу, басқалармен қарым-қатынас құра алу қабілеті,өнімді еңбек етіп және өзінің ортасына үлесін қоса алатын әл-ауқатының жағдайы.
Өмір әрқашан жақсы жағынан көріне бермейді, бұл өмірде әр адам қиыншылықтарды басынан өткізеді. Барлығын бақылауда ұстау мүмкін емес. Алайда, әр адам өзін мазалап жүрген сезімдерін , ойларын, мәселелерін шешуге басқа адамдардан көмек сұрап, әңгімелесіп бөлісуі қажет. Күйзеліс бәріне де әсер етеді, бірақ әр адамның шыдамдылығы әр түрлі. Әр адам күйзеліске қарсы тұруда өз шамасын біледі. Адамның денесі күйзеліске жауап қайтарады және кейбір адамдардың ұйқысы бұзылып, басы ,іші, арқасы немесе денесінің басқа мүшелері ауырып, күйзелістің басқа да физиологиялық белгілері біліне бастайды.
Көбінесе жастар арасында күйзелістің пайда болуына ықпал ететін кейбір жағдайлар: алдағы ҰБТ емтихандары, құрдастарымен шиеленісте болуы, мекен-жайды ауыстыру, басқа сыныпқа немесе мектепке көшу, ата-ананың ажырасуы немесе олардың жұмыссыз қалуы, жақын адамдардың өлімі, дене ерекшелігіне байланысты кемсітулер, жігітпен/қызбен қарым-қатынастың бұзылуы.
Жастардың өзің жайсыз сезініп көмек қажет ететін жағдайларыда болады. Көңіл-күйінің тез өзгеруі, уақытын жалғыздықта өткізуі, әдеттен тыс ашуланшақ болуы, тамақтанудан бас тартуы, күнделікі мәселелер мен істерде қиыншылықтар сезінуі, өзін-өзі жаралап, денесіне зақым келтіруі, өмір сүрудің қажеті жоқ деген ойларының пайда болуы. Сондай кездерде достың көмегі немесе жақын адамның көмегі аса маңызды
Психикалық денсаулықты нығайту туралы кеңестер:
-өмір ағысын басқарып, күнді алдын ала жоспарлау;
-дұрыс тамақтану;
-толыққанды дем алу, тәулігіне 7-8 сағат ұйықтау;
-дене белсенділігімен күніне кемінде 30 минут айналысу;
-достармен және жақын адамдармен араласып тұру, сезімдермен , ойлармен бөлісу;
– сүйікті іспен айналысу;
– қарқынды жұмыс уақытын толыққанды демалыспен алмастырып отыру.
Күйзелістен қорықпа-оны басқаруға ұмтыл! Досына немесе жақынына көмек жасау, оның мәселелерін шешу, ең жақсы кеңес беру емес, оны тыңдай білу маңызды болып саналады.
Мухиддинова Фатима Каримовна,
Түркістан қалалық емхана Бірлік бөлімшесі психологы
