Жанұяда балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз!

245 көрілім

Ата-ана болу – зор бақыт үлкен жауакершілік, балаларыңыздың балалық шағын қауіпсіз етіңіздер:

– Баланың жасы кіші болған сайын суықтау қауіпі жоғары, балаңызды суықтаудан сақтаңыз, жылдың  салқын кезеңдерінде бала бөлмесінің температурасы +23+25 С болуы қажет;

-бала кереуетінің керегесі биік, матрасы кереует қабырғасын толық жауып тұруын қадағалаңыз;

– балаңызды жұқпалы аурулардан сақтаңыз, балаңызбен  көп адам шоғырланған жерлерге  бармағаныңыз жөн;

-баланы емізу кезінде ұйықтап қалмаңыз, себебі көкірекпен бастырылған бала тұншығып қалуы мүмкін. Сіз шаршап, немесе баланы жатып емізсеңіз қасыңызда жақын жанашыр адамның болуы қажет;

-балаңызды бесікте жатқан кезінде  төтенше жағдайдан сақтаңыз, бесікті көзіңізден таса қалдырмаңыз, әсіресе ауру баланы бесікке бөлемеңіз,себебі баланың дене қызуының көтерілгенін құрысқанын ,құсқанын аңғармай қалуыңыз мүмкін. Бала құсығына қақалып, тұншығып қалу мүмкіндігі жоғары, баланың беті бөгде заттармен жабылмауы керек;

-баланы жарақаттан және тыныс алу жолдарына бөгде заттар түсуінен сақтаңыз,  балаға  көлемі 10 см дейінгі майда  заттарды яғни  дәнектер, моншақтар, тиын, түйреуіш, майда бөлшектері бар ойыншықтарды бермеңіз;

– баланы электр жарақатынан сақтаңыз, электр розеткаларын  арнайы жапқышпен жабыңыз;

-баланы кездейсоқ суға тұншығудан сақтаңыз, баланы шомылдырған кезде қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмаңыз;

– дәрі-дәрмектер, косметикалық ,тұрмысқа қажетті химиялық заттарды, керосин, бензин, азелит сияқты  заттарды қол жетімсіз жерге қойыңыз;

-аулада  құдықтың беті жабулы, әжетхананың есігі жабық, ілгегі ілулі, баланың қолы жетпейтін болуы керек;

-ине ,пышақ, қайшы сияқты үшкір заттарды сәбидің қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.

– баланың қолына сағыз, конфет, жаңғақ ,конфет орағыштары, целлофан пакет берілмеуі қажет.

Балаңыз ауырса, көңіліңізге баланың денсаулығы бойынша бір сауал туындаса , дереу аймақтық дәрігер мен медбикеңізге хабарласыңыз. Шұғыл жағдайлар болса жедел жәрдемге хабаласу қажет.

Джиенбаева Наргиза Абдукаримовна,

Түркістан қалалық емханасы

№7 Отбасылық денсаулық орталығының жалпы тәжірибелі дәрігері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы