ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

168 көрілім


 
       2026 жылы қаңтар айының 26-ы мен 5-і ақпан аралығында Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының «Дүниежүзілік сайлау күніне» арналған бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес қала аумағында ақпараттық-түсіндіру және танымдық бағыттағы 60-тан аса іс-шаралар ұйымдастылып өткізілді. Іс шараға қатысқандар саны 3 000 жуық адамды қамтыды.
➢ Іс-шаралар қалалық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының бастамасымен, білім беру ұйымдары (мектептер, колледждер, Қ.А.Ясауи ХҚТУ-де, Халықаралық туризм және меймандостық университеттері), партиялар мен қоғамдық бірлестіктерде бірлескен кездесулер, дәрістер мен пікір алмасулар түрінде ұйымдастырылды.
       Атап айтқанда, Түркістан облыстық «жастар ресурстық орталығы ғимаратында» Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Ашық есік күні» және сайлау саласының ардагерлерімен кездесу өткізді.
Сонымен қатар, қала жастарымен «Сайлау және жастар» тақырыбында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жанындағы «Шаңырақ» клубтар координациясының «Yasawi» жас сайлаушылар клубымен бірлесіп дебаттар өткізді. «Дүниежүзілік сайлау күні және сайлау саласы» тақырыбында округттік, учаскелік және партиялармен, қоғамдық бірлестік мүшелерімен жиын-кездесуі өтті.
        Аталған жұмыстар халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарын, әсіресе жастарды қамтып, сайлау мәдениетін арттыруға бағытталды.
➢ Барлық іс-шаралар Заң үстемдігі, Тәуелсіздік, Ашықтық, Инклюзивтілік, Кәсібилік және алқалылық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылды.
 
       ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы