ТҮРКІСТАНДА «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ» СЕМИНАР ӨТТІ

370 көрілім

Сейсенбі күні Түркістан қаласындағы округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төраға, орынбасар, хатшыларына оқыту-семинары өтті. Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік сайлау күні» қарсаңына орайластырылған жиынға Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Б.Ускенбаев, Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Бердикулов, төраға орынбасары А.Масабаев, хатшысы А.Кеншимбаев және Түркістан қаласындағы округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төраға, орынбасар, хатшылары қатысты.

Семинарда  А.Масабаев «Учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру күнгі іс әрекеттері», «Комиссия мүшелерінің қоғаммен байланысы, байқаушылардың қызметі» тақырыбында, ал хатшы А.Кеншимбаев «Сайлаушылар тізімі және сайлау учаскелерінің инфрақұрылымы» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Оқыту барысында комиссия мүшелеріне сайлау заңнамасының негізгі талаптары, жергілікті әкімдікпен сайлаушылар тізімдерін пысықтау, сайлау күні дауыс беру рәсімдерін ұйымдастыру, бюллетеньдерді беру және санау тәртібі, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру құқығын қамтамасыз ету жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, сайлау барысында кездесетін кейстік сұрақ-жауаптары бойынша талқыланды.

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Б.Ускенбаев еліміздегі демократиялық қоғамның негізгі тірегі адал әрі ашық сайлау жүйесі арқылы азаматтардың сайлауға қатысу мәселелері жайлы атап өтті.

Қорта айтқанда, К.Бердикулов семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларды «Дүниежүзілік сайлау күні» мерекесімен құттықтады.

Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы