Түркістан облысы прокуратурасы «Қауіпсіз балалық шақ» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның негізгі мақсаты – балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың әлеуметтік және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Осы мақсатта 2026 жылғы 4 ақпанда онлайн форматта кезекті кездесу ұйымдастырылды. Онлайн кездесуге 330 мыңнан астам оқушы мен студент қатысты. Сонымен қатар, жастар тәрбиесіне ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында ата-аналар да тартылды.

Бұған дейін, өткен жылдың желтоқсан айында өткен онлайн кездесуге бір мезетте 300 мыңға жуық оқушы қамтылған болатын. Кездесу барысында жастар тарапынан 6 мыңға жуық сұрақ түсіп, оларды облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары талдады.
Жоба шеңберіндегі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, балалардың қауіпсіз әрі салауатты ортада тәрбиеленуіне бағытталатын болады.
