- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
2019 жыл біздің рухани қаламыз үшін жемісті де жеңісті жыл болды. Олай дейтін себебіміз, Түркістан бұл жылы облыс орталығы атанғанына бір жыл толуын атап өтіп, тарих сахнасындағы алғашқы қадамдарын жасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл шешімінің нәтижесінде түркі дүниесінің түп қазығы күн санап гүлдену үстінде. Түркістандықтардың да шаһарды жандандыруға қосып жатқан үлесі де толағай.
Түркістан – еліміздің рухани астанасы. Бұл жыл біздерге ерекше сәттерімен, ерекше дүниелермен есте қалса, келер жылы да сүйінші жаңалықтарға толы болары анық. Ендеше, келе жатқан 2020 жыл – еліміз үшін сәтті де табысты жыл болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Түркістанымыз өсіп-өркендей берсін!
Жарылқасын ӘЗІРЕТБЕРГЕНОВ,
облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы.