БАЛА ЖАНЫНА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

1  144 көрілім

        

  Қаламыздағы «Бауырсақ» дәмханасында балаларға жаңа жылдық қуаныш сыйлау мақсатында 70 жасөспірімге дастарқан жайылды. Мүмкіндігі шектеулі, үйде оқытылатын және оңалту орталығындағы балалардың бір сәт көңілін көтеруді мақсат еткен ұйымдастырушылар ән шырқап, мың бұрала билеген жас өнерпаздарға киім-кешектер мен тәттілер табыстады.

  Жаңа жылдың басты символдары шырша, аяз ата мен ақшақар да бала жанынан табылып, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары шоу-концерт ұйымдастырды. 

  Дәстүрге айналған шара биыл төртінші рет өтті. Инара Намазбаева бастаған Түркістан облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері де үлестерін қосып, сый-сияпаттарға қаржылай көмек қолын созды.

  «Бұл жаңа жылдық шара төрт жыл бұрын бастау алған болатын. Еліміздің барлық басты мерекелерінде балаларға осылай қуаныш сыйлауды жалғастырып келеміз», – деген «Түркістан мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ф.Қарамолда мұндай қайырымдылық шараларының алда да жүзеге асатынын тілге тиек етті.  Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев та өзінің құттықтау тілегін білдірді.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы