Міне, 2019 жыл да тарих қойнауындағы соңғы бетін жапқалы тұр. Жаңа жылдан жақсылық пен жаңашылдық күтетін халық үшін, өткен жыл да өзіндік жарқын сәттерімен есте қалды. Қаламыз күн санап өркендеп, бұрын-соңды болмаған алып ғимараттар ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Алда, олардың саны толығып, қуанышымыз еселене түсетіні анық.
Дархан пейілді халқымыздың ұйымшылдығы Түркістанды әлі-ақ үлкен жетістіктерге жетелейтініне сенемін. 2020 жыл түркістандықтар үшін берекелі де жемісті жыл болары хақ. Жаңа жыл – жаңа бір дәуірдің жарқын сәті іспетті. Себебі, бұл отбасылық мерекені бүкіл халық күтеді. Әсіресе, кішкентайлар бар сән-салтанатымен, ерекше көңіл-күймен бастайды.
Ендеше, ескі жылға алғыс айтып, жаңа жылға тілек білдіретін сәтте барша түркістандықтардың отбасына қуаныш, бақыт, береке мен молшылық тілеймін!
Жаңа жыл – жаңа табыстарға жетелесін!
Жарқынбек ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВ,
қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.