- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Облыс орталығы болып көне шаһар Түркістанның таңдалуы тарихи саяси оқиғаға баланды. Жалпы, еліміздің оңтүстік өңірі қандастарымыздың ұйысып қоныстанған киелі мекен екендігін ескерсек, түркі әлемінде Түркістанның алатын орны ерекше. Енді рухани астанамыз облыс орталығына айналып, экономика мен әлеуметтік саланың тамырына қан жүгіре түспек. Ендеше еліміздегі мәдениет, білім және рухани ағартушылық мәртебесі жоғары қаланың Ұлы Жібек жолының бойындағы құндылығы арта түсері сөзсіз.
Жақында ғана Түркістан қаласының төрінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін және ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығын жоғары деңгейде атап өттік. Енді міне сіздер мен біздер болып, 2019 жылды тарих қойнауына өткізгелі жатырмыз. Барша түркістандықтарды алдағы келе жатқан 2020 Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі.
Ендеше, таяу күндері жаңа 2020 жылға қадам басқалы отырмыз. Бұл – ескі жылға ризалық білдіріп, жаңа жылға тілек айтатын айрықша сәт. Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар. Өтіп бара жатқан жыл бірлік пен берекенің жылы болды. Біз Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын қалаймыз. Сол үшін алда келе жатқан жылдан үлкен үміт пен жақсылықтар күтеміз. Жаңа жыл еліміздің жаңа дәуірін жалғастырады деп сенеміз.
Баймахан СҮЛЕЙМЕНОВ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.