Биыл Түркістан тарихында жаңа парақтар ашылды. Қаланың көркіне сән қосар нысандар пайдалануға берілді. Соның бірі, киелі мекеннің атын әйгілеп, әлемге паш еткен «Біріккен қалалар және жергілікті билік» дүниежүзілік ұйымына мүше болуын да айтпасқа болмас. Бұл тек бір жылдан астам уақытта жеткен жетістіктер. Алда әлі қаншама?
2020 жылда біршама жаңалықтар мен жаңашылдықтар орын алғалы тұр. Облыс әкімі Ө.Шөкеев өз сөзінде келесі жылда рухани шаһарымызда Орталық Азия басшылары бас қосып, Түркістанды әлемге паш ететінін айтқан болатын. Бұл тек біздің ғана өңіріміз үшін емес, еліміздің абыройын асқақтатар дүние болары сөзсіз. Ендеше, алға ұмтылған жас облыс орталығының осындай биік белестерін бекем бірліктің нәтижесінде бірге жандандырайық! Жаңа жыл – құт-береке мен ырыс-ынтымағын әкелсін!
Бақытжан БУКЕБАЕВ,
Түркістан қалалық ішкі саясат
бөлімінің басшысы.