ЖЕТІСТІКТЕР ЕСЕЛЕНГЕН 2019 ЖЫЛ

1  091 көрілім

Құрметті түркістандықтар!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаға жайдарлы көңіл-күй сыйлайтын аталмыш мереке – өткенімізді саралап, келешегімізді бағамдайтын сәт.

Сондықтан, өткен жылы Түркістан облысында орын алған тарихи оқиғаларға тоқтала кетсек. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Түркістанды дамытуға еліміздің барша өңірі мен іргелі ірі компаниялары жұмылып, қыруар жұмыстар атқарылды. Рухани ордамыздың келбеті адам танымастай өзгерді. Бұл әзірге бастамасы ғана. Облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістан нағыз өркендеген қалаға айналғанша мұнда әлі талай ғимараттар салынады.

Арыс қаласында орын алған қиындықты да ел болып еңсердік. Қазақстандықтар бұл сын сағатта да өздерінің бірлігін, ынтымағын танытты. 2020 жыл еліміз үшін берекелі болып, барша шаңыраққа шуақты шаттық әкелсін! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, бақ-береке тілеймін. Жоғарыда аталған жетістіктеріміздің алдағы жылда да еселене түсеріне сеніміміз мол.

Алтынбек КЕНЖАЛИЕВ,

қалалық мәслихаттың депутаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы