- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Халқымызда «Ескі жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп» деген дана сөз бар. Осы тұрғыдан алғанда барша түркі жұртының түп мекені қаламызда шын мәнінде 2019 жылда көп өзгерістер болды. Жасарған, жайнаған қаламыз алдағы жылдары түлей бермек. Жаңа жылда қаламызда көптен бері айтылып жүрген «Достық үйі» бой көтеру жоспарда бар. Ендігі кезекте жаңа ғимарат барлық этнос өкілдері жұмыс жоспарларын жүйелеп алатын құт орынға айналары анық. Жаңа жыл – бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болғай!
Бахадыр ИРСМЕТОВ,
қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы.