Сауран ауданында субсидиялау саласында қылмыстық іс қозғалды

270 көрілім

Сауран ауданында мал шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік субсидияларды заңсыз алу фактілері анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Аудан прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде 27 жеке және заңды тұлғаның өз иелігінде нақты болмаған ауыл шаруашылығы жануарлары туралы жалған мәліметтерді «Ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялау» ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы мемлекеттен субсидия алғаны белгілі болды. Аталған заңсыз әрекеттер салдарынан бюджетке елеулі мөлшерде залал келтірілген.

Анықталған деректер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша 3 қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта уәкілетті орган сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Прокуратураның қадағалау актілері негізінде заңсыз 500 млн теңгеден астам төленген субсидия қаражаттарын мемлекет кірісіне қайтару шаралары қабылдануда.

Сауран ауданының прокуратурасы мемлекеттік қолдау шараларының заңды, мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында субсидиялау саласындағы қадағалау жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыруда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы