Ультрадыбыстық диагностиканың дәрігер ағзасына радиациялық әсері

174 көрілім

Бұл мақалада ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) әдісінің медицина қызметкерлеріне, соның ішінде дәрігер ағзасына радиациялық әсері мәселесі қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде УДЗ – иондаушы емес диагностикалық әдіс екені және оның дәрігер ағзасына радиациялық әсер етпейтіні анықталды. Сонымен қатар, УДЗ кезінде кездесетін кәсіби қауіптер мен оларды болдырмау жолдары көрсетіледі.

Қазіргі медициналық тәжірибеде ультрадыбыстық диагностика – кеңінен қолданылатын бейнелеу әдістерінің бірі. Оның басты артықшылығы – қолжетімділігі мен қауіпсіздігінде. Дегенмен, кейбір мамандар мен қоғам өкілдері УДЗ аппаратымен ұзақ уақыт жұмыс істейтін дәрігерлердің ағзасына радиациялық әсер болуы мүмкін деген алаңдаушылық білдіреді. Бұл мақалада осы сұраққа ғылыми негізделген жауап беріледі.

Мақсаты

Ультрадыбыстық зерттеу әдісінің радиациялық қауіпсіздігін бағалау және УДЗ жүргізетін медицина қызметкерлерінің денсаулығына ықтимал әсерлерді анықтау.

Материалдар мен әдістер

Мақаланы жазу барысында келесі әдістер қолданылды:

• Ғылыми әдебиеттерге шолу (ДДҰ, RSNA, отандық және шетелдік медициналық басылымдар);

• Ультрадыбыстық диагностика әдістерінің техникалық сипаттамаларын талдау;

• Кәсіби тәжірибе негізінде қорытынды жасау.

Нәтижелер

1. Ультрадыбыстық зерттеу иондаушы сәулеленуді пайдаланбайды, яғни бұл әдіс радиациялық қауіп тудырмайды.

2. УДЗ кезінде қолданылатын ультрадыбыстық толқындар — механикалық тербелістер, олар тіндер арқылы таралып, экранда бейнеленеді.

3. Дәрігерге тікелей радиациялық әсер жоқ, бірақ келесі кәсіби қауіптер анықталды:

o Эргономикалық жайсыздық (арқа, мойын, қол бұлшықеттеріне салмақ);

o Көру жүктемесі (мониторға ұзақ қарау);

o Психоэмоциялық күйзеліс (диагноз қоюдағы жауапкершілік, көп пациент қабылдау).

Талқылау

УДЗ – салыстырмалы түрде қауіпсіз әдіс болғанымен, ультрадыбыстық зерттеу жүргізетін дәрігерлерге арналған еңбек жағдайы әрдайым мінсіз бола бермейді. Ерекше назар эргономикаға, жұмыс кестесіне және еңбек қауіпсіздігіне аударылуы тиіс.Радиациялық қауіп тек рентген, КТ, ПЭТ сияқты әдістерге тән, ал УДЗ бұдан толықтай босатылған.

Қорытынды

Ультрадыбыстық диагностика – иондаушы емес және радиациялық қауіп тудырмайтын зерттеу әдісі. Дәрігерлердің ағзасына радиациялық әсер болмайды. Дегенмен, УДЗ жүргізу кезінде пайда болатын физикалық және психоэмоциялық жүктемелер еңбек жағдайын оңтайландыруды талап етеді. Бұл бағытта жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, үзіліс жасау және профилактикалық шараларды қолдану маңызды.

Жетекшісі: Тауасаров Нұржан Таирханович,

EMBA магистрі, Түркістан қалалық орталық ауруханасы бөлім меңгерушісі, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы штаттан тыс бас сәулелік диагностика маманы

Кемелбекова Бексулу Қайратқызы,

медицина ғылымдарының магистрі, врач радиолог  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы