Қарттарға қамқорлық  ­– қоғам дамуының  өлшемі

150 көрілім

            «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп, Абай атамыз айтқандай қарияларымыз зейнеткер болғанда немен айналысады? Уақыттарын тиімді өтікізіп, өздерін қоғамның белсенді мүшесі ретінде сезіне алады ма? Осы ретте біз Түркістан қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» оталығына барып  қазыналы қарттарымыздың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.

Халықтың қартаюы – XXI ғасырдың негізгі демографиялық тенденцияларының бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2050 жылға қарай әлемде 60 жастан асқан адамдардың саны 2 миллиардтан асады. Қазақстанда Ұлттық статистика бюросының мәліметінше. Бүгінде 65 жастан асқан адамдар халықтың 9,2% – ын құрайды. Бұл шамамен 1,87 миллион адам. Қарттарымызға қамқорлық көрсету мен белсенді өмір сыйлау – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі.  2020 жылдан бері Қазақстанда 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (БҰӨО) жұмыс істейді. Оның 57 мекемесі қалада , ал 63 – і елді мекендерде орналасқан.

БҰӨО «бір терезе» қағидаты бойынша үш бағытта жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір, денсаулық мәдениеті және қоғаммен байланыс. БҰӨО- ның қызметі егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, өнімді және уақытты белсенді өткізуге, оның ішінде жан – жақты дамуға және денсаулықты жақсартуға бағытталған. Орталықта йога, скандинавиялық жүріс, цифрлық сауаттылықты арттыру, мотивациялық, курстар, ағылшын тілі курстары, еңбек терапиясы, қолөнер, емдік дене шынықтыру залы бар. Мекеме зейнет жасындағы ерлерді – 63, әйелдерді – 58 жастан бастап қабылдайды.

«Түркістан облысы  бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының  20 филиалы бар. Оның 3 нүктесі Түркістан қаласында орналасса қалған 17-і елді мекендерге тиесілі. Алғашқы филиал 2021 жылы ашылса, қалған 2 орталық 2024 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. 2025 жылғы мәлімет бойынша қаладығы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында 4000-нан астам зейнеткерге қызме көрсетіледі. Ай сайын 1 филиалдың өзінде-ақ 70-80- ге жуық зейнеткер қабылдаймыз. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының 2024-тің сәуір айында ашылған Бекзат мөлтек ауданында жұмыс істеймін. Орталығымызда массаж, тұз бөлмесі. медициналық бақылау фитобар бөлімі, еңбек терапиясы, ойын залының ішінде билярд, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, тұзды бөлме, сенсорлы бөлме, сауықтыру гимнастикасы осы қызметтер қамтылған. Жылына 4000 адам қабылдаймыз. Мекеме күнделікті 120-150 адамды қамти алады. Тіркелушілер үшін арнайы құжат тапсырылады. Құжаттарды атап өтсек: жеке куәлік көшірмесі, зейнеткерлік кітапшасының көшірмесі, медициналық анықтама, флюорография, наркопсихиатриялық диспансерден анықтама қажет. Тізімдегі құжаттарды алып келсе орталығымызға, қабылдаймыз. Әр апта сайын Түркістан қалалық ауруханасынан дәрігерлер келіп зейнеткерлерді тексереді. Сонымен қатар психологиялық тренингтер де міндетті түрде өтеді. Біз үшін әр зейнеткердің денсаулығы маңызды. Сондықтан үнемі бақылауда ұстаймыз. Әр зейнеткерді өз ата – әжеміздей көреміз. Оларда бізге үнемі алғысын айтып, батасын беріп жүреді» дейді, орталық қызметкері Диана Талғатқызы.

 Аптаның жұма күні орталық үшін мереке күні ретінде бекітілген. Мекемеде түрлі іс -шаралар мен зейнеткерлердің туған күнін аталып өтеді. Қазыналы қарттарымыз қаланың мәдени-тарихи жерлеріне саяхат жасайды. Зейнеткерлер қаламызда өткен жиындар мен кештерде ән айтып белсенді қатысады. Әжелеріміз осы жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласында алғаш рет өткен «Golden Grace»  кешіне қатысып келді. Халықаралық конкурс – фестивальінде өз өнерлерін паш етті. Әр зейнеткер өз қабілетіне қарай қалағын ісімен шұғылданады. Моншақтан сөмке, тұмарша жасайды, киім тоқиды. Кейбір әжелер бос отырмай кәсіпке айналдырып жатыр.

       Нұржамал Исатаева, зейнеткер

 -Мен осы орталықтан қызмет алып жатқаныма 6 ай болды. Осы уақыт ішінде орталықтың берген мүмкіндігі мен пайдасы зор. Мұндағы қызметкерлер өз ісінің маманы, бізге құрметпен, қамқорлықпен қарайды. Орталықта ұсынылатын қызмет түрлерінен әнге қатысамын. Хор аптасына 3 рет болады. Арнайы мамандар дауыспен жұмыс жасайды. Әнімізді Түркістанның іс шараларында қалмай айтып жүрміз. Сонымен қатар, емдік дене шынықтыру жаттығуларына қатысып массаж қызметтерін аламыз. Емдік шай ішіп, тұз бөлмесінде демаламыз. Апта сайын мәдени- тарихи орындарға барсақ, жазғы уақытта қала сыртындағы әулиелі жерлерге саяхаттаймыз. Жалпы мекеменің қызметкерлеріне, басшысы  Гүлжамал Дахановаға  көп рахмет айтамыз.

Ақбота Бақытжан,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Журналистика мамандығының 4-курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы